Атырауда мүгедек балаларды дәретханаға байлап қойған: қылмыстық іс жабылды
Атырауда мүгедек балаларды дәретханаға байлап қойған арнайы орталық тәрбиешілерінің әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық анықталмаған.
Мой город басылымының хабарлауынша, жазда орын алған жантүршігерлік оқиғаның беті жылы жабылып қалған.
Жазда желіде тараған видео Атырау қаласындағы №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында түсірілген болып шықты.
Кадрларда мүгедектер балалардың дәрет сындырып отырғаны және оларды дәретханаға жаялықпен байланғанын көруге болады. Оны көрген желі қолданушылары шу шығарды. Тіпті, депутаттар артынша арнайы тексеріс жүргізетінін мәлімдеп, полиция Қылмыстық кодекстің 110-бабы «Азаптау» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Күдікті ретінде орталықтың екі мұғалімі ұсталған.
Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, тәрбиешілердің әрекетінен қылмыстық құқық бұзушылық белгілері табылмаған.
Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әлфия Төлегариеваның бұған дейін түсініктеме бергеніндей, видеоны түсірген әйел осы арнайы орталықта біраз уақыт жұмыс істеген.
Оның айтуынша, видеода биылғы 8 сәуірде орын алған оқиғалар түсіріліп, балаға зорлық-зомбылық көрсеткендер жазаланып үлгерген.
«Аталған оқиға бойынша Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылығы ұжыммен кездесіп, №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атырау облысы тиісті бақылауға алынды» деді Төлегариева.
Сондай-ақ Әлфия Төлегариева аталған оқиғаға байланысты облыстық прокуратура қызметкерлері ағымдағы жылдың маусым айында Орталық тәрбиеленушілерінің құқықтарын қорғау бойынша заңнаманың сақталуына кешенді тексеру жүргізгенін атап өтті.
Облыс әкімінің орынбасары бастаған прокуратура қызметкерлері, депутаттар мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінен жасақталған кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия да әлеуметтік мекемеде болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық