Атырауда қомақты қаражат жымқырған шенеуніктер сотталды
Фото: freepik.com
Атырауда ветеринарлық бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс бойынша инспекция басшысы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылып, басқа да айыпталушылар қомақты айыппұл арқалады, деп хабарлайды Orda.kz облыстық сотқа сілтеме жасап.
Атырау қаласының №2 сотында бірнеше сотталушылардың қылмыстық ісі қаралды.
Біреуі бірнеше рет елеулі мөлшерде пара алғаны, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар арасында пара алуды ұйымдастырғаны үшін, екеуі алдын ала сөз байласу арқылы адамдардан пара алғаны үшін, қалған екеуі лауазымды тұлғаға айтарлықтай мөлшерде пара бергені үшін айыпталып отыр.
Инспекция басшысы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бас маман мен ветеринарлық инспекторға пара сомасының 60 еселенген мөлшерінде айыппұл тағайындалды. ЖК және ШҚ басшыларына – пара сомасының 26 еселенген мөлшерінде айыппұл салынды. Барлығы мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық