Атырауда кәсіпкерді өлтірген ер адам сотталуда
Фото: Freepik.com
Атырау қаласында 39 жастағы ер адамның ісі бойынша сот отырысы өтуде. Ол базарда 57 жастағы кәсіпкерге шабуыл жасап, оны өлтірген, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға 5 маусымда болған, Қызылқоға ауданы Қарабай ауылының тұрғыны Амандық Сағынғалиев Атырауға орталық базарға дүкеніне тауар алу үшін келген. Көлігін қояр кезде, ол ГАЗелімен жанында тұрған көліктің есігін байқамай соғып кетеді. Куәгерлердің айтуы бойынша (және бейнекамера жазбаларына сүйенсек) көліктен Мұхтар Ахмедов атты ер адам шығып, Сағынғалиевті ұра бастайды. Бірнеше соққыдан кейін кәсіпкер жерге құлайды, алайда Ахмедов оны ұруын тоқтатпайды. Сағынғалиев ауруханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай қайтыс болды.
Айыптау актісіне сәйкес, Ахмедов Сағынғалиевке тоғыз соққы жасаған. Айыпталушы кәмелетке толмаған 5 баланың әкесі кінәсін ішінара мойындады. Оған 106-бабының 3-бөлімі, яғни «жәбірленуші өліміне әкелген ауыр дене жарақатын қасақана келтіру» айыбы тағылды.
Қазір сот процесі жалғасуда, сот оқиға орнында болған жүргізушілер мен сатушыларды тыңдап жатыр. Бұдан кейін қылмыстық іс тараптарының мәлімдемелері тыңдалатын болады.
Айыпталушы 8 жылдан 12 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі немесе тәркіленбеуі де ықтимал. Қайтыс болған адамның туыстары ең қатаң жаза қолдануды талап етуде.
«Біз тек жақын адамымыздан ғана емес, отбасымыздың асыраушысы мен тірегінен айырылдық. Біздің әкеміз мейірімді, адал адам болатын, ол ешкімге жамандық жасаған жоқ. Мұндай қатігездік салдарынан оның енді арамызда жоқ екеніне сене алмаймыз. Біз кінәлі адам заңда көрсетілген ең қатаң жазасын алсын деп талап етеміз», — дейді марқұмның ұлы.
Жаңалықтар
- Теміртауда үш бала ток соғып, жансақтауда жатыр: Тұрғындар бұрыннан дабыл қаққан
- Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды?
- Сарыағаш ауданында жеті айда бес жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды, ата-аналар министрліктен дәрігерлердің салғырттығын тексеруді сұрайды
- Қазақстанда әскерден жалтарғандарға жаңа шара әзірленіп жатыр
- Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына беруге петиция жарияланды
- Қатарластарынан ақша бопсалаған студенттер ұсталды
- Түнде ТЖМ көмегімен үш өрт ошағы ауыздықталды
- Нұрлан Сабуров туған қаласына келді
- Алматыда аялдамада белгісіз адам зейнеткерді есінен танғанша ұрды
- Зеленский: Украина Таяу Шығыс елдерімен бірге ұшқышсыз ұшатын аппарат шығарады
- Блогер Руслан Жанпейісов полицияға бағынбау ісі бойынша ақталды
- Президент БҰҰ-ның жоғары өкілдер тобымен кездесті, Оман премьер-министрі орынбасарын марапаттады
- Кентауды нөсер жаңбырдан кейін су басты
- Иранның мұрагер ханзадасына Берлинде шабуыл жасалды
- Абай облысында мектеп есепшісі өзіне екі еселенген жалақы алып отырған
- Қазақстанда жыл басталғалы көршілес елдерден қашып келген 51 қылмыскер құрықталды
- Дер кезінде полиция шақырған балалар аналарын құтқарып қалды
- «Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімовтің есімі берілді
- Air Astana Дубайға рейстердің тоқтатылуын мамыр айының соңына дейін ұзартты
- Ақын Серікбай Әбілмәжін көз жұмды