Атырауда «Дизельдік ұйымдасқан қылмыстық топ» қатысушылары мен экс-депутат сотталды
иллюстрациялық фото wikimedia.org
Атырау қалалық № 2 соты «Дизельдік ұйымдасқан қылмыстық топтың» қатысушыларына және облыстық мәслихаттың экс-депутатына қатысты үкім шығарды. Аталған қылмыстық топты слесарь басқарған.
Барлығы 19 адам күдікті болса, олардың көбі сол уақытта облыстық мәслихаттың «Нұр Отан» партиясынан сайланған депутат Абзал-Сенбі Самаликов басқарған Мақат локомотив депосында еңбек еткен. Бірақ ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі осы депода слесарь болып жұмыс істеген Мақат ауданы, Бәйге-Төбе ауылының тұрғыны болып шықты. Сот оның жөндеуге жіберілген тепловоздар цистерналарынан дизельді құйып алатын қылмыстық топ құрғанын анықтады. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұрланған жанар-жағармайды литрін 130-135 теңгеден сатып, пайданы өзара бөліскен. Тіпті олардың тұрақты тұтынушылары да болды.
Дизельдік топ 2020 жылдың қаңтарынан бастап желтоқсанына дейін сәтті жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде олар 300 тоннаға жуық жанармай ұрлап, локомотив депосына 63 миллион теңге шығын келтірген.
Заңсыз кәсіп жақсы жүрген, бірақ жағымсыз жағдайлар да болып жатты. Мысалы, депо жұмысшыларының бірі ұрлық жайында біліп алып, бастыққа хабарлаған – сол бұрынғы депутат Самаликовқа, ол болса әрине ештеңе істеген жоқ. Керісінше қырағы жұмысшыға «әңгімелесу» үшін слесарь нөкерлері шықты.
Ұйымдасқан қылмыстық топтың ішінде де бәрі ойдағыдай болмай шықты: екі қатысушы 400 литр дизельді басқаларға айтпай, жасырын сатқан. Мұны білген слесарь оларды құрылыс алаңына әкеліп, ұрып-соққаны мәлім болды.
Қылмыстық топты ұстаған ҰҚК қызметкерлері. Іздеу кезінде бөшкелер ішінен жанармай мен ақша табылды. Бірі дизель отынын жолдан өтіп бара жатқан жүк көлігі жүргізушілерінен алғанын айтса, енді бірі туыстарынан алғанын хабарлады. Дегенмен сот-медициналық және есептік сараптама сондай-ақ, ашық жауап берген 26 куәгер, оған қоса екі «жасырын» куәгер олардың кінәсін дәлелдеуге көмектесті.
Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы слесарь Р.Ізбасаровты «Ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару, сол сияқты оларға қатысу» және «Аса ірі көлемде жасалған ұрлық» баптары бойынша кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айырды.
Қалған қатысушылар бір жылдан бастап жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Ал экс-депутат Абзал-Сенбі Самаликовке келсек, оны сот тек «Салақтық» бабы бойынша (ҚР ҚК 371-бабының 2-бөлігі) кінәлі деп тауып, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Оның адвокаты шешімге қарсы.
— Алғашында Атырау облысы бойынша ҰҚК оның әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі бойынша жымқыру деп саралады. Сосын ешбір қаржы жымқыру мен құртуға қатысы жоқ екеніне көзін жеткізген соң, бұл шаруаны не істеу керектігін ойластыра бастады. Өйткені, олар адамды ұстап айып тақты ғой, бұл дегеніміз қазірдің өзінде конституциялық құқықты бұзу болып саналады, бұл үшін кейде қатал жазаланады. Ең алдымен олар істі «кейінге қалдыруды» шешіп, ТЖД-ға жіберді. ТЖД тергеушілері істі зерделеп, қылмыс құрамы болмағандықтан, істі тоқтатамыз деп айтқан көрінеді. Дегенмен 15 күннен кейін ҰҚК істі қайтадан қолға алды. ҰҚК тергеушілері бір-екі ай ойланып, «адам болса, бап табылады» деген қағиданы ұстанып, ҚР Қылмыстық кодекстің 28-баптың 5-бөлігі мен 188-бабының 4-бөлігі бойынша ұрлыққа қатысы бар деген айыпты өзгертті, - деді адвокат Руслан Жақыпов.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық