«Атырауда бір отбасы тұтас жоғалды»: Қаза тапқан ерлі-зайыптылар бүгін жер қойнына тапсырды
Фото: әлеуметтік желіден
Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кетіп, 2 айдан кейін денесі табылған ерлі-зайыптылардың жерлеу рәсімі бүгін, 8 қаңтар күні өтеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәйіттер Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылынан жеткізілуі тиіс. Бұл туралы Жангелдин ауылының әкімі Қанат Ғайса хабарлап, жерлеу рәсімін туыстарының өздері атқарып жатқанын айтты.
Бұл уақытта кісі өлтіру дерегі бойынша басталған тергеу жалғасуда. Қаза тапқандардың 29 жастағы күйеу баласы — Сұлтан Сәрсемәлиев негізгі күдікті болып іздестіліп жатыр.
Тергеу сондай-ақ марқұмдардың үлкен қызы — Сұлтанның жұбайы әрі бес баланың анасы Ақбаянның жоғалуына да назар аударуда. Оның қайда екені әзірге белгісіз. Ақбаянның екі бауыры да әлі табылмады.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Сұлтан мен Ақбаянның отбасы айналасындағылармен сирек араласқан және қоғамдық орындарда көп көрінбеген. Ақбаян тіпті туыстарымен де сирек араласыпты. Ал қаза тапқан ерлі-зайыптылар ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген.
Әлеуметтік желілерде күдікті адамның шетелде болуы мүмкін деген ақпарат тарауда.
Айта кетейік, Алматы облысында жол апаты болып, үндістандық студенттер көз жұмды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық