Атырауда базар аумағында ірі өрт шықты
Фото: Pexels
Атырау қаласында Бейбарыс даңғылы бойындағы базарлардың бірінде ірі өрт шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға туралы сол базардың киім сататын дүкеннің сатушысы хабарлаған.
«Атырау қаласында Бейбарыс даңғылы бойындағы базарлардың бірінің аумағында киім сататын бутиктердің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. ТЖМ-нің алғашқы бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде контейнерден жасалған бутиктердің ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды, өрттің көршілес бутиктерге тарау қаупі болды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында оттың көрші бутиктерге таралуына жол берілмей, өрт қысқа мерзімде 500 шаршы метр аумақта толық сөндірілді» деп жазылған дүйсенбі күні таратылған хабарламада.
Өрт орнында жедел штаб пен төрт жауынгерлік учаске құрылғаны атап өтілді.
«Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», деп қосты ТЖМ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық