Атырауда ауруханада бір жасар балаға шамадан тыс көп димедрол салынып, мерт болды
Фото: Getty Images/iStockphoto
3 наурыз Атырау облысы Қызылқоға ауданы ауруханасында 11 айлық сәби көз жұмды. Марқұм баланың әжесі Баян Шүкірғалиева немересінің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр.
Ол Ақ Жайық басылымына «немересі Ибраһим Берікке ақ халаттылар диагнозды қате қойып, дұрыс емдемегендігін» айтқан.
Қайғы жұтқан қарт ана дәрігерлердің үстінен облыстық прокуратураға шағым түсіріп, президент әкімшілігіне хат жолдаған. Қазіргі таңда оның өтініші қаралып жатыр.

Ауруханаға түскен күні бала құсып, тәбеті болмай, мазасы кеткен. Кешкі 23:30 шамасында бала қатты ауырғандықтан, отбасы жедел жәрдем шақырған. Фельдшерлер дәрі еккеніне қарамастан, бала құса берген. Түні бойы қызуы көтеріліп шыққан балаға анасы таңғы 05:00-де қайта дәрігерлерді шақыртқан. Баласы мен анасы Қызылқоға аудандық ауруханасына жеткізілген.
«Сол күні баланың жағдайы жақсарған соң келінім үйге шығуға дәрігерлерден рұқсат алды. 11-лер шамасында олар үйде болды. Алайда кешке бала қайтадан жылай бастады. Құсып, іші өтіп, қызуы көтерілді. Сағат 18:30 шамасында жедел-жәрдем шақырып, олар қайтадан баланы ауруханаға алып кетті. Баланың асқазанын тазарту үшін оған тамызғыш қоюды шешті. Медбикелер тамырын таба алмай баланы әбден қинады. Ол қайта-қайта жылап, тынышталмады. Осы кезде медбике баланы ұстап алып: «Болды, қой, неге жылайсың?» деп ұрысып тастады. Тамызғышты қоя алмағандықтан дәрігердің нұсқауымен олар оған регидрон бере бастады. Бірақ бала мазасызданып, іші тоқтамады» дейді марқұм баланың әжесі.
11 айлық Ибраһимнің ауруханада мазасы кеткендіктен, оның анасы дәрігерлердің рұқсатымен 3 наурыз күні үйлеріне қайтқан.
«Дәрігер бала тынышталса, үйде қалдыратынын айтты. Сондай-ақ, оның аш екенін айтып, оған жарма мен сүт беруге кеңес берді. Бала бергеннің бәрін жеді. Бірақ жылауын тоқтатпады. Мүлдем ұйықтамады. Содан кейін мен дәрігерден оның диагнозын сұрадым. Ол білмеймін деп жауап берді. Сонда мен баланы ұйықтату үшін димедрол екпесін сала ма деп сұрадым. Дәрігер балаға ондай екпені беруге болмайтынын айтты. Кейін немеремнің жағдайы нашарлаған соң оны ауруханаға жансақтау бөліміне жатқызды. Қатты уайымдадық, тіпті баланың анасы мен әкесіне ешкім ештеңе түсіндірмеді. Онымен кездесуге де кіргізбеді. Кейін оған димедрол екпесін бергенін естіген келінім «өздері болмайды деп айтып алып, сол екпені салғаны несі» деп ренжіген. Алайда дәрігер бала кішкене тынығып алсын деп жауап берген» дейді Баян Шүкірғалиева.
Баланың тыныс алуы қиындаған. Дәрігерлер оттегі беретін катетер іздей бастаған, алайда оны таппаған. Артынша бала димедролдан ұйықтап жатқанын айтқан. Анасына да тынығу керектігін айтып, шығарып салғанда, баланың денесу суи бастаған.
«Келінім баланың суық қолдары туралы дәрігерлерге айтқанымен, олар өзара бірдеңелерді талқылай бастады. 30-40 минуттан соң бүлдіршіннің қайтыс болғанын хабарлады. Дәрігерлер балаға димедрол дозасын артық берген. Олар мұны жасырғысы келеді, қателіктерін мойындамайды. Дәрінің артық мөлшерінен баланың қан қысымы 200-ге, дене қызуы 40-қа дейін көтерілген. Оның үстіне медбикенің шарасыз сәбиге ұрысып, жұлқылағаны тағы бар. Баламыздан айрылған соң келінім екеуміз шара қолдану үшін аурухана меңгерушісі Айгүл Төребекқызына жүгіндік. Емдеуші дәрігер Нұрила Серікқызы қандай диагнозбен емдегеніне жауап бере алмады. Сондықтан немерем Ибраһим қайтыс болды. Бәрі дәрігерлердің салғырттығынан» дейді Ибраһимнің әжесі.
11 айлық сәби отбасының жалғыз немересі болған.
«Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы «Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы, абайсызда адам өліміне әкеп соғуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сәби өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Нәтижелері әлі жарияланған жоқ» деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы арнайы тексеру комиссиясы құрылғанын хабарлап, оның қорытындысы шықпағанша, оқиғаға қатысты пікір білдіре алмайтынын айтқан.
Жаңалықтар
- «Малсыңдар»: Димаш Құдайберген әйелін ұратын еркектерді сөкті
- Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға сот үкімі шықты
- Мектепте атыс шығарып, әрекетін стримде көрсеткен: Екі оқушы қаза тапты
- Шакира жер сілкінісінен кейін Колумбияда 10 мектеп салып бермек
- Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы басталды
- Бақытжан Базарбек жол апатынан зардап шеккен азаматтың туыстарымен бірге видео жариялады
- 240 млн теңгеге жасалған Steppe Rider қазақ тілін үйретіп жарытпады: ҰҚК мен экономикалық тергеу тексеріп жатыр
- Тоқаев ТЖМ басшысына заманауи технология енгізіп, өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеру жөнінде тапсырма берді
- Таразда аутизмі бар баланы балабақшада байлап ұйықтатпақ болған: Анасы жай-жапсарын айтты
- Қазақстаннан Дубайға ұшатын рейстер қыркүйек айының соңына дейін тоқтатылды
- Алматыда әйелді балағаттаған ер адамға қатысты полиция тексеру жүргізіп жатыр
- Оқушылар арасында ауру көбейді: 242 мың бала есепке алынды
- Еліміздің оқушыларына өмірлік қиындықтарды еңсеру дағдылары үйретіледі
- «Заң және тәртіп»: Қазақстан мектептерінде үш жаңа міндетті пән болады
- Үкімет басшысы 100-ден астам мектептің жөндеу жұмысын екі аптада аяқтауды тапсырды
- Трампты қолдау рейтингі 33%-ға дейін төмендеді — бұл оның президенттігі кезіндегі ең төмен көрсеткіш
- Бас прокурор: Шетелдегі 12 алаяқтық байланыс орталығынан түскен миллионнан астам қоңырау тоқтатылды
- «Депрессия» туралы әзіл: NARXOZ университетінің жазбасы сынға қалды
- Алматыда ескі көліктерді арнайы компания арқылы сатып алу тетігі іске қосылады
- Бірінші сыныпта баға қойылмайды: Жаңа оқу жылынан бастап бағалау жүйесі өзгереді