Атырауда атыс салдарынан үш адам мерт болып, бір адам жараланды
Атырауда атыс салдарынан 3 адам қаза тауып, 1 адам жарақат алған.
Белгісіз адам Калашников автоматынан оқ жаудырған.
«15 наурыз күні сағат 22:00-де Атыраудағы «Авангард» терминалы аялдамасында атыс болды. Шабуылшы Калашников автоматынан екі жігітті атып, үшіншісін ауыр жаралады. Қала маңындағы Еркінқала ауылының 27 және 22 жастағы тұрғындары оқиға орнында көз жұмды, олардың 26 жастағы ауылдасы басындағы оқ жарақатымен облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Көп ұзамай оқиға орнынан оқ жарақаты бар тағы бір мәйіт табылды» делінген хабарламада.
Оқ атқан адам оқиға орнынан қашып кеткен.
Оқиға орнында Атырау облысы ІІД жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Болжам бойынша, атыс қаладағы клубтардың біріндегі төбелестен шыққан.
Күдікті ұсталған.
«Қылмыс жасады деген күдікпен 1993 жылы туған Маңғыстау облысының тумасы анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға жеке келіспеушілік салдарынан орын алған» деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық