Атырауда әкімдік ауласын сыпыратын адам зардап шегіп, қылмыстық іс қозғалды
Фото: telegram/ Письма президенту
Атырау облысында әкімдік қызметкерінің жарақат алуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.
Атырау облысында әкімдікте аула сыпырушы болып жұмыс істейтін ер адам ағаштан құлап, жарақат алды.
«Қазіргі уақытта Құрманғазы аудандық полиция бөлімі еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады», деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Құрманғазы ауданының әкімдігі жарақат алған қызметкердің аула сыпырушы екенін, ал оқиға қаңтар айында болғанын растады.
«2025 жылғы 22 қаңтарда Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының аула сыпырушысы аумақтағы бұтақтарды өз бетінше кесу кезінде жарақат алды. Ол жедел ауруханаға жатқызылды. Алдымен аудандық ауруханаға, содан кейін Атырау облыстық ауруханасына ауыстырылды», деп мәлімдеді аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Бұл туралы ақпарат әуелі телеграм арналарда тарады. Кіші қызметкер басшылардың бұйрығын орындаймын деп, ауыр жарақат алғаны жазылды. Онымен қоймай, әкімдіктегілер жәбірленушіге көмек көрсетпеген. Телеграм арнада полиция іс қозғамағаны туралы айтылған.
Жаңалықтар
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады
- Тағы да Талғар: Ер адамды тауға апарып ұрып 10 млн теңге бопсалаған
- Павлодарда кәсіпкердің өліміне 84 миллион теңге қарыз себеп болған
- Жітіқарада ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді
- Перизат Қайратпен байланысы бар: Бірнеше құрылыс компаниясын басқарған Мөлдір Сүйіншәлі үйқамақта
- Ақ үйде атыс шығарған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- АҚШ президент Трамптың қауіпсіздігін күшейтпек
- Астанада балалар отырған аттракцион құлады, полиция тексеріп жатыр
- Трамп Америка тарихындағы ең көп шабуылға ұшыраған саяси тұлға
- Тоқаев ТМД елдерімен радиация бойынша дерек алмасу туралы заңға қол қойды