Атырауда адвокат соттың шешіміне разы емес
5 ақпанда Атырауда бұрынғы полиция қызметкері, адвокат Айбар Қосымбаев облыстық прокуратура алдында «соттың әділетсіз шешіміне» наразылық білдіріп, жалғыз адамдық пикет өткізді. Ол пикетке «прокуратура – бейшаратура» деген жазуы бар плакат ұстап шықты.
Адвокаттың пикетке шығуына түрткі болған оқиға былтыр 12 желтоқсанда Атырау қаласындағы Махамбет және Шолохов көшелерінің қиылысында орын алған. Адвокат сотта үш жолақты жолдың бірінші жолағында көліктің ақауына байланысты амалсыз тоқтап, кейін авария белгісін жағып қозғалғанын айтып дәлелдей алмай жүр. Ол әзірге соттың қаулыны қолына бермегенін айтады. Қаулымен танысқаннан кейін шешімді апелляцияға бермекші.
Атырау қалалық әкімдігіне жалғыз адамдық пикет өткізетіні туралы өтініш жолдағанымен жергілікті билік рұқсат етпеген. «Әкімдік жауабында қанша адам қатысатыны көрсетілмегендіктен шараға рұқсат берілмеді деді. Бірақ мен өтініште пикетке тек өзім шығатыным туралы жазғанмын», - дейді Айбар Қосымбаев.
Прокуратура алдында плакат ұстап тұрған адвокатқа Атырау облыстық прокурорының орынбасары Бауыржан Жұмақанов шығып, оның іс әрекетінің заңсыз екенін ескертті. Прокурор ескертуінен соң Айбар Қосымбаев плакатын жинап кетіп қалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық