Атырауда 4 дәрігерге қатысты сот үкімі шықты
Видеодан алынған кадр
Атырау облыстық ауруханасының үш хирургі мен бір педиатры 11 айлық сәбидің өліміне кінәлі деп танылды. Олар балаға тиісті дәрігерлік көмек көрсетпеген. Негізгі оқиға 2019 жылы желтоқсанда болған.
Туыстары 11 айлық сәбиді белгісіз зат жұтып қойды деген шағыммен ауруханаға үш мәрте әкелген. Сол күнгі кезекші дәрігерлер оны емдеу мекемесіне жатқызудан бас тартып, табиғи жолмен шығуын күтуге кеңес береді.
«Астана» телеарнасының мәліметіне сәйкес, сот кезінде дәрігерлер тағылған айыппен келіспеген. Бірақ, сараптама қорытындысымен сәбидің медициналық көмек уақтылы көрсетілмегендіктен көз жұмғаны дәлелденді.
– Қылмыстық Кодекстің 317 бабы 3 бөлігімен кінәлі деп танып, Тілеуғалиевқа, Адрисовке, Тәжгалиеваға, 2 жыл мерзімге, Зұлхашевқа 3 жыл мерзімге дәрігерлік қызметпен айналысу құқынан айыра отырып, олардың әрқайсысына 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. 2021 жылғы 7 желтоқсандағы №81-7 ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты «Рақымшылық жасау туралы» Заңының 2 бабының екінші бөлігі бірінші тармағына сай бас бостандығынан айыру туралы негізгі жазадан босатылсын, - деді Атырау қалалық сотының судьясы Эльмира Ойқұлова.
Айта кетейік, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысына келеңсіз жағдайлардың алдын-алу үшін нақты шаралар қабылдау міндеттелді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық