Атырауда 19 күн бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды
Фото: әлеуметтік желіден
Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ер адамның мәйіті Жайық өзенінен табылды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 28 қаңтар күні ер адамның денесі шамамен екі метр тереңдікте табылған. Ал бұған дейін мәйіт табылған жерден 100 метр қашықтықта марқұмның жеке заттары табылған еді. Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Талғат Назаров Атырауға Көкарна ауылынан келіпті. Туыстарының айтуынша, ол дәрігерден кеңес алу үшін қалаға барған, алайда үйіне қайтып оралмаған.
Жоғалған адамды құтқарушылар, полицейлер, Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері және еріктілер іздеді.
Айта кетейік, Жетісуда электр желілеріне бөлінген ақшаны жеп қойған аудан әкімінің орынбасары сотталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық