Атырауда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті
Фото: Envato
Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде 11 жастағы бала велосипедпен лифтіге кірмек болғанда, шахтаға құлап кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға бала лифтке кіргелі жатқанда болған. Велосипедпен келе жатқан сәтінде лифт есігі автоматты түрде жабылып, баланың өзі сыртта қалып қойған. Велосипедтің бір бөлігі есік пен кабина арасына қысылып қалған. Лифт жоғары көтеріле бастағанда, бала велосипедті жібере алмай, шахтаға құлап кеткен.
Бала дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын бір қалыпты деп бағалап отыр, ауыр жарақаттар анықталмаған.
Қазір бұл оқиғаға байланысты тексеріс басталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада жасөспірім лифт ішінде бес жасар баланың бетін пышақпен тілген еді. Кейінірек оның шизофрения дертімен ауыратыны және есепте тұрғаны белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық