Атырауда 100 адам қызыл жалынмен алысып жатыр
Фото: Pexels
13 маусымда Атырау қаласынан шамамен 15 шақырым жердегі «Ақжайық» мемлекеттік табиғи қорығы аумағында басталған қамыс алқабындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта алдын ала болжам бойынша өрттің аумағы 600 гектарға жетті. Оның ішінде 300 гектар жерде өрт сөндіріліп, қалған 300 гектарында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Өтуге қиын батпақты жер мен қамыстың биік қалың алқаптары өрт сөндіру техникасын пайдалануға мүмкіндік бермей отыр.
«Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиакөлік» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы пайдаланылды, ол жалпы көлемі 12 тонна су шашты. Әуеден бақылау нәтижесінде ашық өрттер анықталды, жалынның таралуына жол бермеу үшін жұмыстар жалғасуда», деп хабарлады Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті.
Жел қала жаққа бағытталғандықтан, тұрғындар түтін иісін сезінді, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Қамыс алқабындағы өртті сөндіруге 100-ге жуық адам, 16 техника және бір жүзу кемесі, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның бес адамнан тұратын экипажы бар тікұшағы қатысты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық