Атырауда 10 айлық бала салғырттық салдарынан ажал құшты
Фото: freepik.com
Атырауда 10 айлық бала қайтыс болды. Баланың өліміне анасы дәрігерлерді кінәлайды. Ал дәрігерлер анасын кінәлап отыр, деп хабарлайды Orda.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.
Марқұм сәбидің анасы бәрі қызу көтерілуден басталғанын айтты. Учаскелік дәрігер шақыртуға келмеген көрінеді. Келесі күні баланың жағдайына алаңдаған анасы, өзі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына барады. Баланың температурасы 38,9 градусқа дейін көтерілген екен. Алайда дәрігер қызу көтерілуін қалыпты жағдайға балап, облыстық балалар ауруханасына баруға кеңес берген. Облыстық ауруханадағы дәрігерлер баланың жағдайы ауыр екенін айтқан.
«Олар саусағынан қан алып жатқанда, балам үн-түнсіз жатты. Дәрігерлер маған баланың жағдайы ауыр екенін және оны жұқпалы аурулар ауруханасына апару керектігін айтты», - дейді марқұмның анасы.
Ауруханалар арасында бес сағат жүрген анасы баласынан айырылып қалды. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері жағдайды жоққа шығарды.
«Қабылдау бөліміндегі кезекші дәрігер баланы қарап, ауруханаға жатқызуды ұсынды. Алайда баланың анасы бас тартты. Сондай-ақ, оған Атырау облыстық балалар ауруханасының хирургынан кеңес алу ұсынылды. Тексеру кезінде балада температураның 39°C дейін көтерілуі, құсу және мазасыздық туралы шағымдар болды. Баланы Атырау облыстық балалар ауруханасында хирург және педиатр қарады. Рентгендік тексеруден кейін ол №2 облыстық ауруханаға қайта жіберілді. Бала сол күні, 6 желтоқсанда сағат 18:10-да ауыр жағдайда қайта қабылданды. Қабылдау бөлімінде оны кезекші реаниматолог дереу тексеріп, алғашқы көмек көрсетіліп, бала тікелей реанимация бөліміне жіберілді. Реанимация бөлімінде баланың жүрегі бірнеше рет тоқтады. Бала 7 желтоқсанда сағат 00:20 - да қайтыс болды» делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Бала қайтыс болғаннан кейін анасы дәрігерлерді немқұрайлылық танытты деп айыптады, ал дәрігерлер ананың өзі баланы кеш алып келгенін айтады. Қазіргі уақытта қызметтік тексеру басталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық