Атырау үлкен су тасқынына дайындалып жатыр
Фото: GOV.KZ
Атырау облысы және оған қарасты 51 елді мекені үлкен су тасқынына дайындалып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
«Қазгидромет» РМК Атырау филиалының директоры Салауат Төленовтің сөзінше, судың басым көпшілігі Ресей Федерациясынан келуі бек мүмкін.
«Облыс аумағында Қазгидрометтің 12 гидростанциясы орналасқан. Мұнда күніне 2 рет су деңгейі, мұз жағдайы, температура өлшенсе, айына 3 рет су шығыны мен стандартты тексерулер жүргізіледі. Бүгіні деректерге сүйенсек, облыстық барлық су объектілерінде гидрологиялық жағдай мен мұздың қалыптасуы тұрақты. Өзендердің де деңгейі қысқы кезеңге сай. Ірікті су қоймасынан су ағызу секундына 60 текше метр. Өткен жылы бұл 25 текше метр болған. Кеше Ірікті су қоймасының көлемі 2,624 млн текше метр, судың келуі-19,1 текше метр/сек», – деді Салауат Төленов.
Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің сөзінше, сынай бермей, келетін судың да көлеміне қарау керек. Былтыр су белгіленген жерлерге ғана емес, одан әрі асып, қаншама қауіп төндірді. Сондықтан келетін су көлемін бақылап отыру үшін Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында су басу қаупі бар 51 елді мекенінде маусымдық гидропост орнату керек.
Бұдан басқа, «Қазгидрометке» гидрологиялық жағдай бойынша шекара маңындағы мамандармен жедел деректер алмасуға көшу қажет. Өздеріңіз көргендей, су тасқыны екі жыл қатарынан болуы мүмкін, сондықтан дайындық пен уақтылы ақпараттандыру аса маңызды», – дейді облыс әкімі.
Атырау облысы ТЖД бастығы Нұрлан Жаңабаевтың айтуынша, өңірде су құбырларын тазарту, бөгеттер мен қорғаныс құрылыстарын нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен жылы 590 шқ бөгет салынды, 20 шқ канал қазылды, республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда сегіз су өткізу құрылысы жүргізілді. Өзендерде 7 шқ жағалау аумағы, 121 шқ жерді тереңдету жұмыстары және 90 шқ жағалау аймағы нығайтылып, тазаланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық