Атырау тұрғыны нәрестесін қоқысқа лақтырып кеткен

cover

24 қаңтарда Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында 35 жастағы әйел жаңа туған сәбиін босанғаннан кейін бірден қоқыс жәшігіне лақтырып кеткен. Бұл туралы АқЖайық газеті хабарлады.

Әйел қансырап, жедел жәрдем шақырған. Олар оның жаңа босанғанын анықтаған. Бірақ жаңа туған нәресте үйде болмады, сондықтан дәрігерлер полиция шақырды. Көп ұзамай, баланың өлі денесін үйден жүз метр жерде қоқыс жәшігінде тапты. Ол сау және биологиялық дамыған болып шықты.

Әйелдің күйеуі және төрт баласы бар. Бірақ ол қандай да бір себептермен бұл жүктілікті дәрігерлерден жасырып, үйде дәретханада босанған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар