Атырау сібір жарасының өршуіне байланысты карантинге жабыла ма?
Фото: Envanto
Бүгінге дейін Атырауда сібір жарасынан үш сиыр өліп, осы малмен байланыста болған екі адамның ауру жұқтырғаны тіркелді, деп хабарлайды Orda.kz.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, әзірге қаланы карантинге жабуға негіз жоқ.
«Қазіргі жағдайға мен ветеринарлық қызметке қатысты заңды зерттедім, олар қаланы сібір жарасына байланысты карантинге жабу керектігін айтпайды. Бұл ережеде де көрсетілмеген. Сондықтан әзірге қаланы карантиндік режимге енгізуге негіз жоқ», - деді Ж.Бисембиев.
Қазіргі уақытта мал өлген қасапхана желтоқсан айының ортасына дейін карантинге жабылды. Мал мен ет өнімдерін рұқсатсыз әкетуге тыйым салынды. Мамандар сібір жарасы адамнан адамға жұқпайтынын атап өтті. Тек ауру жануарлар ғана қауіпті.
Жаңалықтар
- Мектептерде мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізіледі
- Алматы қаласында алып ағаш құлап, көшені жауып қалды
- Шымкент әуежайында FlyArystan ұшағы итті қағып кетті
- Роза Рымбаева екі ұлынан бөлек тағы екі қызының бар екенін мәлімдеді
- Иранда барлық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
- Қостанайда блогер қатысқан төбелес: Полиция қылмыстық іс қозғады
- 44 градусқа дейін күн ысиды: Мамыр айына арналған ауа райы болжамы
- «Атырауға көп ақшамен барады»: Ұзату жайлы жазба желіні дүр сілкіндірді
- Құрамында ветеринар дәрігерлер де бар: Ұзақ уақыт бойы мал ұрлап келген қылмыстық топ ұсталды
- Оқиға орнында қаза тапты: Әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тауып, екіншісі жараланды
- Шымкентте «алма бақтары» арқылы 430 млн теңге жымқырылған
- Екібастұзда дәрігер мен медбикені екі мас адам соққыға жықты
- FlyArystan Дубайға ұшатын рейстерін жаз бойы тоқтатты
- Танымал актер, режиссер Есмұхан Обаев өмірден өтті
- Жетісу облысында алаяқ әйел жоқ бизнестен 100 миллион теңгеден астам пайда тапқан
- Садыр Жапаров: Қырғызстанда облыстар мен аудандар таратылып, 20 округ құрылады
- Иран АҚШ-тың блокадасына жауап ретінде Қызыл теңіз бен Парсы шығанағын жабатынын мәлімдеді
- Вашингтондағы келіссөздер: Рубио мен Жұманғарин не туралы сөйлесті?
- Погон таққан балуан қыз халықаралық жарыста І орын алды
- Атырауда полиция басқармасының басшысы ұсталды