Атырау облысының жаңа әкімі тағайындалды
Фото: Премьер-министрдің ресми сайтынан
Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Махамбет Досмұхамбетов атқарған.
«Серік Жамбулұлы Шапкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын» делінген президент жарлығында.
Серік Шәпкенов 1979 жылы шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылында дүниеге келген.
Еңбек өтілі:
- Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы (2000-2001);
- Батыс Қазақстан облысы әкімінің қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы, БҚО әкімінің табиғатты пайдалану дирекциясының жетекші маманы (2001-2002);
- БҚО әкімі аппаратының қаржы бөлімінің жетекші, бас маманы (2002-2006);
- БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, басқарма басшысы, БҚО ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары (2006-2007);
- БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары (2007 жылдан);
- БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы (09.2009-01.2012);
- БҚО әкімінің орынбасары (01.2012-27.08.2012);
- БҚО әкімінің бірінші орынбасары (27.08.2012-12.2014);
- ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы (01.2015-07.2016);
- Атырау қаласының әкімі (07.2016-28.06.2018);
- Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары (28.06.2018-05.2020);
- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (06.2020-18.01.2021);
- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (18.01.2021, 11.01.2022 бастап қайта тағайындалды).
Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы мен Қызылорда облысының әкімдерін ауыстырған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық