Атырау облысының әкімі Бақытгүл Хаменованың ұсталуына қатысты пікір білдірді
Коллаж: Orda.kz
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов орынбасары Бақытгүл Хаменевамен ол қамауға алынғаннан кейін сөйлеспегенін айтты.
Досмұхамбетов орынбасарының кінәсіне сене ме деген сұраққа нақты жауап бере алмады.
– Мен тергеу жүріп жатқан кезде иә не жоқ деп айта алмаймын. Әрине, бұл менің көңіліме тиді. Хаменеваның орнында әлі ешкім жоқ. Өйткені ол 10 желтоқсанда қамауға алынды, тергеу жүріп жатыр. Оның кінәсі бар ма, жоқ па, сонда белгілі болады, - деді әкім үкімет отырысында.
Әзірге Хаменованың міндеттерін басқа әкім орынбасарлары өзара бөліп алған.
Еске салсақ, 10 желтоқсан әкімнің орынбасары пара алды деген күдікке ілінген.
Неге Хаменеваның ұсталуы желіде резонанс тудырды деген сұраққа Досмұхамбетов «халық жемқорлыққа қарсы, кімнің ұсталғаны маңызды емес» деп жауап берді.
Айта кетсек, Бақытгүл Хаменовадан бөлек облыс әкімінің тағы екі орынбасары да тергеуге алынды. Нұрлан Таубаев коронавируспен ауыратын науқастарға арналған модульдік аурухананың құрылысына мердігерден пара алды деген күдікпен ұсталды. Қайрат Нұрлыбаев субсидияны заңсыз бөлді деген күдікке ілінді.
Журналистер облыс басшысының үш орынбасарының ұсталуы өңірде сыбайлас жемқорлықтың жоғары екенін көрсете ме деген сұраққа:
– Менің екі орынбасарым ғана. Нұрлан Таубаев қызметінен кетті. Мен сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігінің дәрежесін талдай алмаймын. Уәкілетті органдар бар. Менің олармен еш араздығым жоқ, - деп жауап берді әкім.
Досмұхамбетов сот кінәлі деген үкім шығарса, қызметінен кететінін де растады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық