Атырау облысындағы газ ұңғымасында апат болды, зардап шеккендер бар
Фото: бейнеден кадр
6 наурызда Батыс Прорва кен орнындағы ұңғымада газ шығып, өрт тұтанды, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Кейін «Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі апаттық жұмыстар аяқталып, газдың шығуы тоқтатылып, нысан қауіпсіз жағдайға келтірілді деп сендірді.
Дегенмен компания зардап шеккендердің де бар екенін мәлімдеді.
«Батыс Прорва кен орнындағы №437 ұңғымада жою жұмыстары аяқталғаннан кейін оқиға болды. «ҚазТехМұнайСервис» ЖШС мердігерлік компаниясымен ұңғыманы жоюға дайындық жұмыстарының гидравликалық сынақтары кезінде сөндіру желісінің қысымы түсірілді. Салдарынан жұмысшылардың бірінің кеудесі көгерді, қуанышқа орай ішкі ағзалары зақымданбаған» деп жазылған хабарламада.
Қазір ол Құлсары қаласының орталық аудандық ауруханасында бақылауда. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Екінші қызметкер тексеруден кейін үйіне жіберілді.
Оқиға туралы ақпарат облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі департаментіне жолданды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық