Атырау облысындағы әскери бөлімнен сарбаз қашып кетті
Фото: Егемен Қазақстан
Атырау облысында шекарашы әскери қызметін өтеуге келген азамат қашып кетті. Оқиға бір күн бұрын болған.
Orda.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, Атырау облысы Исатай ауданында орналасқан 5575 әскери бөлімшеден сарбаз қашып кеткен. Әскерге шақырылушының жоғалып кеткені бірден байқалды. Артынша оны Атырау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаменті шекара қызметінің қызметкерлері ұстады.
«Ол ұсталды. Қашу себебі анықталуда, бірақ оның әскердегі әлімжеттіке қатысы жоқ», - дейді дереккөз.
Еске сала кетейік, сарбаз қашып кеткен шекара заставасы 2018 жылдың желтоқсан айында ашылған болатын. Одан кейін Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен шекарашылар үшін 50 орындық модульдік ғимарат салынғаны хабарланды. Бұған дейін жаңа шекара заставасының орнында Жанбай заставасын техникалық бақылауға арналған радиолокациялық станция болған.
Тағы бір айта кетерлігі, мамыр айында Атырау гарнизонында әскерге шақырылған азамат қару алып қашып кеткен болатын. Әскери бөлім қызметкерлерінің өздері де, полицейлер де қашқынды ұстауға әрекеттенген. Бірақ ол атыс басталғаннан кейін «Арлан» арнайы жасақтары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерін іске тартуға тура келген еді. Ол кейіннен өз еркімен берілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық