Атырау облысында жеті баланың анасы өлі күйінде табылды

cover

Атырау облысының Құлсары қаласында түнде пышақ жарақатынан қайтыс болған әйелдің денесі табылды.

«Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, 35 жастағы әйел бірнеше пышақ жарақатын алған. Жәбірленуші жедел жәрдем келгенше дүниеден озған.

Қазір кісі өлтіру себептері анықталуда. Марқұм күйеуімен бірге жеті бала тәрбиелеп өсірді.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кісі өлтірген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ол 25 жастағы Жылыой ауданының тумасы екені анықталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар