Атырау облысында Жайықтың суы көтерілуде
Фото: ҚР ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Атырау облысындағы Жайық өзенінде судың көтерілуі жалғасуда.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, соңғы 5 күннен бері өңірге су келуде. «Қазгидромет» РМК-ның 12 мамыр күні сағат 09:00-дегі жағдайына сәйкес Жайық өзеніндегі судың деңгейі:
• Атырау – 538 сантиметр. Тәулігіне + 5 сантиметр.
• Индербор өңірі – 1033 сантиметр. Тәулігіне +7 сантиметр.
• Махамбет ауданы – 955 сантиметр. Тәулігіне +16 сантиметр.
«Жайық-Индербор» және «Жайық-Махамбет» өлшеу стансаларында бұл көрсеткіш шекті деңгейден асып түсті. Бұл ретте одан әрі көтерілу күтілуде» делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Жайық өзенімен Каспий теңізіне қарай төмен түсіп, қорғаныс бөгеттерін көзбен шолып, тексеруден өткізді.
«ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Атырау облысындағы Жайық өзені тасқынына қарсы тосқауылдарды, қорғаныс құрылыстарының жағдайын тәулік бойы қадағалап отыр» деп толықтырды ведомство.
Осы күнге дейін республика бойынша 54 703 адам үйлеріне оралды. Эвакуациялау пункттерінде 5291 адам қалды, оның 2239-ы балалар.
11134 тұрғын үй мен 3350 аула аумақтарынан су бұрылып, сорылды. 18,5 миллион текше метрден астам еріген қар суы сорылып, 7,7 миллион қап пен 1,5 миллион тонна инертті материал төселді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық