Атырау облысында бетін бүркеген төрт адам ҰҚК қызметкерлеріне шабуыл жасады
Фото: Envanto
Атырау облысында шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар күшейтілді. 28 қыркүйекте бетін бүркеген төрт адам Атырау облысы жағалау күзетінің катеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
28 қыркүйек күні сағат 14:00-де департаменттің жағалау күзеті дивизионының шекара катері қызметтік тапсырманы орындау барысында ірі көлемдегі браконьерлік ау құралдарын анықтады. Қамыс арасынан кенеттен бетперде киген төрт белгісіз адам отырған «Байда» типтес қайық үлкен жылдамдықпен шықты. Олар тоқтау туралы заңды талапқа бағынбай, қауіпті бұрылыстар жасап, катердің сол қапталына соғылды. Соның салдарынан экипаж мүшелерінің бірі суға құлап кетті.
Құқық бұзушылар оқиға орнынан белгісіз бағытқа қашып кетті. Қазіргі уақытта Атырау облысының шекара қызметі департаменті құқық қорғау органдарымен бірлесіп іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, Алматы облысында кәсіпкердің үйін тонаған ұрылар қолға түсті. Қылмыс 12 қыркүйекте болған. Күдіктілер бетперде тағып, үйге кірген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық