Атырау облысында әйелін ұрған экс-әкімнің жазасы өзгерді
Фото: gov.kz
Атырау облысында әйелін ұрғаны үшін сотталған Мақат ауданының бұрынғы әкімі Ринат Ибрагимовқа қатысты бірінші сатыдағы сот үкімі өзгертілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Атырау облыстық сотының мәліметінше, сотталушы И. материалдық тәуелділікте болған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылған. Ол ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектелген. Сонымен қатар сотталушыдан 2 млн теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді.
«Сот алқасы іс материалдарын зерделеп, И.-дің қылмыс жасаудағы кінәсі жәбірленуші жауаптарымен, сот-дәрігерлік сараптама қортындысымен дәлелденді деген тұжырымға келді» делінген хабарламада.
Алқа «кінәлі адамға көрінеу белгілі материалдық жағынан тәуелді адамға қатысты» саралау белгісі дұрыс тағылмаған деп шешті. Жәбірленушінің сотталғанға материалдық тәуелділігі туралы дәлел ұсынылмады. Жәбірленушінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны, оның шотына ақша түскені туралы құжаттар ұсынылды. Осыған байланысты, И.-дің әрекеті ҚК-тің 107-бабының 1-бөлігіне қайта сараланды. Оған 700 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды (2 415 000 теңге).
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық