Атырау облысында 5 қызметтік автобус өртеніп кетті (видео)
Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ , деп хабарлайды «ССЕР» компаниясы баспасөз қызметі.
– «ССЕР» компаниясының автотұрағындағы автобустардың бірі өртенді. Өрт бірден жанында тұрған 4 автобусқа тиді. Жалынды сөндіруге «Теңізшевройл» компаниясының өрт сөндіру қызметінен 30 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды. Өрт жергілікті уақытпен сағат 21:00-де толық жойылды», деді «ССЕР» компаниясының өкілі Орақ Бисембиев.
Компания өкілі оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендердің болмағанын жеткізді.
Қызметтік автобустар Теңіз вахталық BBB BBC I қалашығындағы тұраққа сағат 19:00-де келіп, жолаушылар түсірілгеннен кейін қозғалысты тоқтатқан. Тұраққа қойылған автобустардың бірінің мотор бөлігінен шыққан өртті «ССЕР» компаниясының сигнал беруші қызметкері байқап қалған.
– Алғашқы қызметтік тексеріс көрсеткендей, дабыл беруші тұрақтың арт жағындағы автобустардың бірінің қозғалтқыш бөлігінен шыққан түтінді көрген. Ол дереу кезекшіге хабарлаған. Оқиға орнына «ССЕР» компаниясының өрт сөндіру командасы, сондай-ақ «Теңізшевройл» компаниясының апатқа қарсы құрамының (ПАС) қызметкерлері мен үш арнайы техникасы жедел жетті», деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық