Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов мәлімдеме жасады
Әшкере Телеграм арнасынан
Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов Facebook-тегі парақшасында бұрынғы әйелінің ұрып-соқты және қинады деп айыптағанына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Бұрынғы жұбайым әртүрлі әлеуметтік желілерде тараған соңғы оқиғаларға байланысты, менің лауазымды тұлға екенімді біле тұра, осындай мәлімдемелер жасап жатқан сияқты» деп жазған әкім.
Ол ортақ балалары, 2 қызы өзімен бірге тұратынын айтқан.
«Олар махаббат пен сүйіспеншілікте өмір сүруде. Мұндай шешім 2 қызымның қалауы бойынша қабылданып, бұдан басқа бұл туралы соттың заңды шешімі де шыққандығын хабарлаймын. Ұрып-соқты деген айыптауларға келсек, қазір сот процесі жүріп жатқандықтан БАҚ өкілдерінен асығыс қорытынды жасамауларын сұраймын» деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін желіде Ақмарал Үмбетқалиева жазған видео тараған болатын. Ол Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтің бұрынғы әйелі екенін мәлімдейді.
Әйелдің айтуынша, бұрынғы күйеуі оны 11 жыл бойы жүйелі түрде ұрып-соғып, азаптаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық