Атырау облысы әкімінің орынбасары жауапқа тартылуы мүмкін
80 миллион теңгені жымқырды деп айыпталған Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевқа қатысты іс сотқа тапсырылды.
Ақ Жайық басылымының хабарлауынша, сот алдына әкімнің орынбасарымен бірге «Бұйырған» кооперативінің 55 жастағы директоры Нұрлан Бисембаев шығады. Оларға «Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ысырап ету немесе жымқыру» баптары бойынша айып тағылып отыр.
Қылмыстық іс 14 томнан тұрады.
Еске салсақ, бұған дейін Нұрлыбаев өзінің қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылғаны туралы жазған Ақ Жайық басылымының редакторынан кешірім сұрауын талап еткен. Әкімнің орынбасары олардың үстінен полицияға «кінәсіздік презумпциясы қағидатын бұзғаны үшін», сондай-ақ «қылмыстық процеске қатысушы тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлағаны үшін» жауапкершілікке тартуды сұрап шағымданған. Бірақ кейін шенеунік өз арызын қайтарып алған.
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, оның қарамағындағы қызметкер журналистке тағылған талаптардың негізсіз екенін түсінген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық