Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Мұрат Досмұратов қонақүйде көз жұмды
Фото: Самұрық-Қазына
28 қыркүйек күні таңертең сағат 10:00 шамасында Атыраудағы Somerset қонақүйінде Мұрат Досмұратов қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-нің мұнай өңдеу және мұнай-химия жөніндегі басқарушы директоры болған, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытын басқарған.
Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге жүрек талмасы себеп болған.
Дереккөздің айтуынша, қонақүй қызметкерлері жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер тек оның қайтыс болғанын тіркеді.
«Оны кардиоорталыққа жеткізді, соңғы кездері жүрегі ауырып жүрген. Кеше іссапармен Атырауға ұшып кеткен еді, Қазақстандағы барлық зауыттарды аралап шығуы тиіс болатын. Әріптестері түнде жүрек талмасы болғанын хабарлады», – деді марқұмның жұбайы Нұргүл Досмұратова.
Мұрат Досмұратов Қазақстанның мұнай-газ саласында көп жылдар еңбек етті. 2024 жылғы қарашада оған қызметтік өкілеттіктерін тиісінше орындамады деген айып тағылған, алайда 2025 жылғы тамызда ақталып шыққан. Биыл қыркүйекте ол «ҚМГ Инжиниринг» компаниясында жаңа лауазымға тағайындалған еді.
Orda.kz полиция мен «ҚМГ Инжиниринг» ресми мәлімдемесін күтуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық