Атырау мұнай өңдеу зауытының бас инженері: «Төгілген бензинді қайта өңдейміз»
Фото: atr.kz
Атырау мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) бас инженері Нұрлан Есжанов кәсіпорында болған апатқа қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, төгілген бензин қазірдің өзінде сорылып, өңдеуге жіберілген, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
«Бүгінде Атырау мұнай өңдеу зауыты ҚР Энергетика министрлігі бекіткен өндірістік жоспарға сәйкес қалыпты жұмыс істеп тұр. Майдың ағып жатқанын оператор аралау кезінде анықтады. Кейін анықталғандай, ағып кету бензинді тасымалдайтын құбырда болған. Технологиялық схемадан желі бірден ажыратылды. Қазір ағып кетуді жою және желіні қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстары жүріп жатыр», - деп түсіндірді Нұрлан Есжанов.
Ол төгілу көлемі мен аауданы туралы айтты:
«Шамамен ауданы 4-5 шаршы метр, ал көлемі 30-40 тонна. Бұл мұнай өнімі дер кезінде сорылып, қайта өңдеуге жүйеге қайтарылды, сондықтан мұнай өнімдері бойынша ысырап тіркелмеді».
Бас инженер ластанған жерлерді тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын қосты. Апаттың себебі әзірге белгісіз, бірақ ағып кеткен жер анықталған.
«Себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылады. Кейін қосымша ақпарат береміз», - деп сендірді Нұрлан Есжанов.
Бұрын хабарланғандай, кәсіпорын аумағында мұнай төгілген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық