Атырау мұнай өңдеу зауытында жанармай өндірісі тоқтатылды
primeminister.kz
Бүгін, 1 қазанда Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары басталды.
Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысын тоқтату жанар-жағармай тұтынушыларына ешқандай әсер етпейді, деп жазады зауыттың баспасөз қызметі.
Кәсіпорында мұнай өнімдерінің жинақталған қоры қазір: бензин – 36 мың тонна, дизель отыны – 32 мың тонна, авиациялық отын – 7,4 мың тонна болады. Сонымен қатар, қазан айында қосымша 16 мың тонна бензин мен 28 мың тонна дизель отынын өндіру жоспарлануда.
Сондай-ақ ҚМГ-ның басқа да мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармайдың жекелеген түрлерін өндіруді ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
«Бұл шаралар бірінші кезекте экономиканың әлеуметтік маңызды секторы қажеттіліктерін қанағаттандыруға, оның ішінде күзгі дала жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жөнелтуге, сондай-ақ ішкі нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған» делінген хабарламада.
Ал, басшылық жұмыс кезінде атмосфераға ешбір зиянды қалдықтар шығарылмайды деп уәде беріп отыр. Айта кетейік, атыраулықтар түтінге, денсаулықтың нашарлауына бірнеше рет шағымданып, барлығына Атырау мұнай өңдеу зауытын кінәлаған.
Оған баспасөз қызметі арқылы жауап берілді.
«Құрылғыларды бумен пісіру процесі жабық жүйеде жүзеге асырылады, бұл атмосфераға түсетін булар мен көмірсутектердің қоспасының шығу мүмкіндігін жояды. Сұйықтыққа айналған бу қоспасы дренаждық жүйеге жіберіледі. «AМӨЗ» ЖШС зиянды заттардың атмосфераға таралу қаупін барынша азайту үшін барлық шараларды қабылдайды» дейді баспасөз қызметі.
Айтпақшы, жоспарланған жұмыстарға 1600 адам, сондай-ақ 116 арнайы техника тартылады деп жоспарланған. Тоқтату кезеңінде реактор жабдығының катализаторларын ауыстыру жоспарлануда. Кәсіпорын 2023 жылдың қараша айының бірінші онкүндігіне дейін тұрақты жұмысына қол жеткізеді деп күтілуде.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді