Атырау көшелерін су басты
Атырауда жаңбыр суы жиналып, жолдар мен көшелерді басып қалды.
Жаңбырдан кейінгі сел әп-сәтте қаланың аулалары мен көшелерін басып қалды. Ауа-райының қолайсыздығы көліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына қиындық туғызды. Бұған ашуланған жергілікті тұрғындар жағдайды әлеуметтік желіде бөлісуде. Арнайы автобаза қызметкерлері жұмысқа кірісіп кетті.
Таңертеңгі сағат 10-нан бастап олар көше бойындағы жаңбыр суын соруға кірісті. Жұмыс Сәтбаев, Тайманов, Азаттық, Баймұханов, Амандосов. Авангард шағын ауданы, Сарықамыс, Привокзальная, Сырым Датов көшелерін қамтиды.
«Арнайыавтобаза» ЖШС басшысы Алмас Ізтілеуовтің айтуынша, су тарту жұмыстары жалғасуда.
«Жұмысқа 6 вакуум және 10 жеке шаңсорғыш техника қатыстырылған. Барлығы 16 бірлік техника. Түскі астан кейін бізге «Су арнасы» қосылады»,- деді ол.
Айтпақшы, бүгін атыраулықтар қала күнін тойлап жатыр және оларды бірқатар мәдени шаралар күтіп тұр.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының соңында ауа райының қолайсыздығынан Қарағанды көшелерін су басқан болатын. Әкім бұдан кейін қаладағы су жүйесі ретке келгеніне сендірді. Көшелерді су басу әдеттен тыс толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық