Атырау қаласында әйел 8-қабаттан секіріп кетті

cover Фото: freepik.com

Атырау қаласында 8-қабаттан секірген келіншек мерт болды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қайғылы оқиға Алмагүл шағын ауданында болған. Биіктен секірген келіншектің 30 жаста екені белгілі. Мәліметтерге сүйенсек, ол 8- қабаттан құлап, сол жерде қайтыс болған. 

Трагедияның себептері әлі анықталған жоқ. Оқиға орнында жедел жәрдем мен полицейлер жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ полиция оқиғаның барлық мән-жайлары анықталатынын айтты. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар