Атырау әкімі базарларға «соғыс жариялады»
Бұған дейін көгершіндерге соғыс «жариялаған» Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкіннің көзіне енді қала базарлары түсті.
Үкімет өкілі қаладағы «Дина», «Мұрагер» және «Мерей» базарларын аралап, тұрғындар арасында сұранысқа ие сауда орындарының апатты жағдайда екенін білді.
Дүңгіршектердің заман талабына сай жабдықталмағаны, әлі күнге дейін сатушылар пайдаланып жүрген көне заманнан қалған дүңгіршектер қаланың сыртқы келбетін бұзып тұр.
Әкім қазіргі жағдайға көңілі толмай, қандай шкаламен бағалағанын нақтыламаса да, барлық базарларға төмен баға қойды.
«Неге айнала қар мен мұздан әлі де тазаланбаған? Сіз біреудің құлап, бір жерін сындырғанын күтіп жүрсіз бе? Мен сізден көше тазалауды сұрамаймын. Сіз өз үйіңізді осылай ұстайсыз ба? Барлық нарықтың жағдайы тіпті «үш» те емес, бәріңізге «екі» деген баға беремін»,- деді Шәкір Кейкін.
Кейкін көктем басталмай жатып айтқан олқылықтардың барлығын шұғыл түрде жоюды, жауапты тұлғаларға жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Ешқандай өзгеріс болмаса, заң аясында шара қолданатынын ескертті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық