Атырау әкімдігі қызметкерлері су тасқыны кезінде көлік қарап жүр
Фото: Ашық дереккөзден
Атырау әкімдігінің қызметкерлері салонда көлік қарап жүргені үшін халықтың сынына ұшырады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Халқы суға батып жатқанда әкімдіктің қызметкерлері автосалонда көлік таңдап жүрген сәтін жергілікті белсенділер видеоға түсіріп әлеуметтік желіге жариялап жіберген.
Әкімдіктің мәліметінше, олар көлікті жөндеу мақсатында диллерден қосалқы бөлшектердің бағасын білу үшін жүрген.
«8 сәуірде әлеуметтік желілерде Атырау қаласы әкімдігінің қызметкері А.Ибрагимов «Тойота орталығы» автосалонында жұмыс уақытында көлік қарап жүрді деген бейнежазба таралды. Алайда, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында А.Ибрагимов қала әкімі аппараты іс басқармасының теңгеріміндегі «ТОЙОТА» автокөліктерін жөндеуге қою үшін қосалқы бөлшектерді қарап жүрген уақытында блогер Р.Баязиев қуып жетіп, бейнежазбаға түсірген. Аталған видеодағы қызметкер жазбада айтылғандай әкімнің орынбасары емес. А. Ибрагимов 2024 жылдың қаңтарынан бастап Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің абаттандыру және көгалдандыру секторының бас маманы лауазымын атқарады. Аталған блогер ақпаратты бұрмалау арқылы арандатушылық жасаған. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде өздерін қоғам белсендісі санап жүрген азаматтардың мемлекеттік қызметшілерді әртүрлі арандату арқылы ақпаратты өз пайдасына бұрмалап беру әрекеттерін құп көрмейтінімізді жеткіземіз», - деді Руслан Жұмағазиев.
Жаңалықтар
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді