Атырауға Африкадан 109 инженер шақырылды
Қарабатандағы жұмысшылар
Атырауға 109 африкалық жұмысшы қызметке орналасу мақсатында келді. Олар мұнай саласында инженер болып жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Бұл жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды.
Африка азаматтары Атырауға өткен айда келген. Олардың көпшілігі Оңтүстік Африка, Гаити, Нигерия және Зимбабве азаматтары. Олар Атыраудан 30 шақырым жердегі Қарабатандағы зауытта жұмыс істейді. Африкалықтар Қарабатан компанияларында инженерлік қызметтерді атқарғаны үшін жоғары жалақы алады.
«Иә, біз Африка азаматтарының аймағымызға келгені туралы ақпаратты растаймыз. Барлығы заңды. 109 африкалық аймақта жұмыс істеуге рұқсат алды. Олар инженер болып жұмысқа орналасты. Біз олардың жалақыларының көлемін білмейміз» деп түсіндірді Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметі.
Алайда Атырау облысына шетелдік жұмысшылардың келуі халық арасында наразылық тудыруда. Африка азаматтарының зауытта жүргенін жергілікті тұрғындар көрген.
— Өз балаларымызға жұмыс табу қиын. Барлық жерде қысқарту жүріп жатыр. Көптеген жергілікті жігіттер Теңізде де жұмыс таба алмай жүр. Біздікілерді жұмысқа алмайды, бірақ басқа елден адам шақырады. Олар қарапайым инженер болып жұмыс істесе де миллионнан астам жалақы алады. Бізде инженерлер таусылып қалды ма? Неліктен жергілікті тұрғындар үшін мансаптық өсу жоқ? Бұл – келеңсіздік», – деп таң қалды жұмысшы Алмас Батырғалиев.
Атырауда жұмыссыздықтың күрт өскенін жергілікті билік те растап отыр. Мәселен, өткен жылы облыста 14 мыңнан астам жұмыссыз тіркелген. Сондай-ақ, еңбек инспекциясы жөніндегі департамент мұнайлы астанада жергілікті жұмысшының шетелдіктен үш-төрт есе аз жалақы алатынын анықтады.
Инспекция жергілікті жұмысшы – бақылаушының жалақысы 750 мың теңге екенін бірнеше рет хабарлады, ал ұқсас лауазымдарда шетелдік жұмысшылар 1,1 миллионнан 3,4 миллион теңгеге дейін, яғни төрт еседей көп алады.
Сондықтан да болар, бұл жолы Қашағанның операторы NCOC африкалық мамандар мен олардың жалақысы туралы сауалға жауап бермеді.
Айта кетерлігі, 2022 жылдың бірінші тоқсанында Теңізде жеті мың адам қысқартылған. Жыл соңына дейін олардың саны 39 мыңға жетуі мүмкін.
Авторы Даниэль Артуров
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық