АТУ 11 жыл бойы Болат Назарбаев иемденген жер учаскесі үшін күресуде
Фото: Orda.kz
Алматы технологиялық университеті 11 жыл бойы Николь базары аумағындағы жер учаскесі үшін күресуде. Даудың себебі мен бұған экс-президенттің інісі Болат Назарбаевтың қандай қатысы бар екенін Orda.kz тілшісі анықтады.
2011 жылдың 15 шілдесінде Алматы технологиялық университеті «СәулетТ-Кұрылыс» ЖШС 583 млн теңгеге жер телімін сатып алды. Дәл сол айда тараптар арасында жылжымайтын нысанды қабылдау-өткізу актісі жасалды.
«Егер біз 583 миллионға мүлік сатып алсақ, 364 ақшаның алғашқы траншын біз Альянс Банкіне жібердік. Банк алдындағы «СәулетТ- Кұрылысының» қарызын жаптық. Қалған 219 млн теңгені біз сатушыға аудардық. Алайда меншік иесі ретінде біз өз жерімізге кіре алмадық. Бізге "тек Болат Назарбаевтың келісімімен кіре аласыздар" деп айтылды», дейді АТУ құқықтық қамтамасыз ету басқарма басшысы Балзада Есембаева.
Осыдан кейін, 2011 жылдың шілде айында «Дар Строй» ЖШС-і АТУ мен «СәулетТ-Кұрылыс» арасында жасалған сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы арыз түсірді. Алматының Мамандырлыған экономикалық сотының шешімімен «Дар Строй» ЖШС-нің талабы толық қанағаттандырылды.
Сот шешімі:
- «Алматы технологиялық университеті» АҚ-ы мен «СәулетТ- Кұрылыс» ЖШС арасында жасалған сатып алу-сату келісім-шарты жарамсыз деп танылды;
- Тараптар бастапқы қалпына келтірілді: сот, «Алматы технологиялық университеті»
АҚ-на 583 миллион ақша қаражатты қайтару туралы «СәулетТ-Кұрылыс» ЖШС-ін міндеттеді, «Алматы технологиялық университеті» АҚ-ы «СәулетТ-Құрылыс» ЖШС-не ғимаратты жер телімімен және кұжаттарымен бірге қайтаруға міндеттелді, «СәулетТ-Құрылыс» ЖШС 01.08.2008 жылы №CK-01/08 келісім-шарттың міндеттерін орындауға, ғимаратты жер телімімен бірге «Дар-Строй» ЖШС-не беру міндеттелді. - «Альянс Банк» АҚ-ы мен «Алматы технологиялык университеті» АҚ-ның «Дар-
Строй» ЖШС-не және «СәулетТ-Құрылыс» ЖШС-не карсы берген 01.08.2008 жылгы
№CK-01/08 келісім-шартын жарамсыз деп тану туралы карсы талап-арыздары
қанағаттандырылмады.
Осы жағдайға байланысты, «СәулетТ-Құрылыс» сот шешімін орындаудан жалтарып , 2015 жылы даулы жер телімін «Обслуживание и эксплуатация жилищно-деловой слободы» ЖШС-не 795 782 741 теңгеге сатады. 2016 жылы «СәулетТ-Құрылыс» компаниясы банкрот болып жарияланды.
13 тамыз 2015 жылы «Обслуживание и эксплуатация жилищно-деловой слободы» 795млн теңгеге сатып алған даулы жер телімін, Болат Назарбаевқа екі есе арзанға 374 млн теңгеге сатады.
Жер телімі Болат Назарбаевқа толығымен өткен кезде, жылжымалы мүліктің мекен-жайы, кадастрлық нөмірі, нысаналы мақсаты, барлық деректемелері өзгереді. Сол уақыттан бері, даулы жер телімі ашық аспан астындағы автотұрақ мақсатында пайдаланылып келеді.
Араға алты жыл салып Назарбаев жер телімін Айдос Қоспаевтың қатысуымен құрылған «Nikolsky Investment» ЖШС-не бағасын түсіріп 354 млн теңгеге сатылады. Адвокат Жақсылық Жұмаханұлының айтуынша, төлемнің Болат Назарбаевқа өткендігі туралы ешқандай дерек жоқ. Мәліметтерге сәйкес, «Nikolsky Investment» жер телімін сатып алғанға дейін бір күн бұрын ғана құрылды.
Алматы технологиялық университеті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтініш негізінде ҚР Бас прокуратурасы жоғарыда айтылған сот актілеріне наразылық түсірді.
Жоғарғы Соттың университеттің пайдасына шешкен үкіміне қарамастан, университет жер аумағына әлі де қол жеткізе алмай отыр.
АТУ енді қайтадан сотқа жүгінуді жоспарлап отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық