Ақтөбеде күн батареяларына арналған 185 миллион теңге қалай ұрланды
Ақтөбеде сот «Қазагромаркетинг» компаниясының екі бұрынғы қызметкерін мемлекеттен заңсыз субсидия алғаны үшін кінәлі деп тапты.
Олар өз әрекеттерімен мемлекет бюджетіне 185 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Сот олардың заңсыз жолмен тапқан мүлкі тәркілеп, екі жыл бес айға бас бостандығын шектеу жазасына кесті, алайда рақымшылыққа байланысты олардың біреуінің мерзімі қысқартылды, ал оның сыбайласы бас бостандығын шектеуден босатылды, деп хабарлайды Orda.kz «Диапазон»-ға сілтеме жасап.
«Қазагромаркетинг» серіктестігінің бұрынғы қызметкерлері күн батареяларын шаруа қожалықтарына жоғары бағамен сатып, осы шаруашылықтар атынан субсидия алып, осылай мемлекет бюджетінен заңсыз 185 миллион теңгеден астам қаражат алған. Іс өткен жылдың қараша айында сотта қарала бастаған.
Айыптау мәні Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламасы бойынша берілген мемлекеттік субсидияларды пайдалану туралы болып отыр. Осы бағдарлама бойынша жайылымдық жерлерді суландыруға және ауыл кәсіпорындарын сумен жабдықтауға кеткен шығынның бір бөлігін мемлекет өтеп берді. Бұл күн батареяларын, сорғыларды және басқа да жабдықтарды орнатуды қамтиды. Ауыл кәсіпкерлері субсидияға құрал-жабдық сатып алғаннан кейін ғана өтініш бере алды.
Айыптауда бұл жабдықтың негізгі құны субсидия алуға арналған құжаттарда көрсетілгеннен айтарлықтай төмен екендігі айтылған. Жауапкерлер құрал-жабдықтарды көтерме бағамен сатып алып, ресми құжаттарда субсидия алуға өтініш білдіріп, жоғарылатылған баға көрсеткен. Мемлекеттен ақша алғаннан кейін олар қаржының бір бөлігін өздеріне қалдырды.
Айыпталушылар «Қазагромаркетингтің» бұрынғы екі қызметкері: IT маманы мен есепші. Алдын ала болжам бойынша, олар субсидия алуға өтініш беріп, шаруа қожалықтары басшыларынан қажетті құжаттарды алып, Qoldau.kz порталындағы өтініштерге әдейі жалған мәліметтер енгізген. Олар өз әрекеттерімен мемлекетке 185 миллион теңгеден астам шығын келтірген.
Жақында бұл іс бойынша сот отырысы аяқталып, сотталушыларға үкім шығарылды. IT маманының заңсыз жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, екі жыл бес айға бас бостандығынан айырылды. Бұл мерзім рақымшылыққа байланысты бір жыл екі айға дейін қысқартылды. Есепшінің мүлкі тәркіленіп, екі жыл бес айға бас бостандығынан айырылды, бірақ рақымшылыққа байланысты бірінші үкімнен босатылды.
Қостанайда да бір топ тұлға агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы бойында субсидия ретінде болған мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Болжам бойша, күдіктiлер мемлекет бюджетiнiң 500 миллион теңгеден астам қаржысын жымқырған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық