Атбасар түрмесіндегі азап: Тимур Дәнебаев пен 41 адамды қорлағандар ақталмады
Фото: Бейнежазбадан кадр
Ақмола облыстық соты Атбасар түрмесінде ондаған тұтқынды ұрып-соғып, азаптады деп айыпталған 12 қызметкерді ақтау туралы үкімнің күшін жойды, деп хабарлайды Orda.kz
Бұл жөнінде құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина мәлімдеді
«Азаптағандарды ақтаған үкімнің күші жойылды. Істі бірінші сот сатысына қайта жіберді. Тимур мен өзге жәбірленушілерге жаңа сот талқылауында күш пен төзім тілейміз. Бұл психологиялық жағынан өте ауыр» деп жазды ол.
Жәбірленушілердің арасында «ұлтаралық араздық қоздырған» деген айыппен үш жылға сотталған белсенді Тимур Дәнебаев та бар.
Былтыр күзде Дәнебаев сотта куәлік беріп, түрме қызметкерлері оны қатты ұрып-соққаны соншалық, есінен танып қалғанын айтқан. Дәнебаевтың сөзінше, оны әжетханадағы еденді жууға мәжбүрлеген, бас тартқаннан кейін қатты соққыға жыққан.
Еуропарламент Орталық Азияға арналған қарарында Тимур Дәнебаевты саяси тұтқындардың бірі ретінде атап, оны босатуға шақырды. Бұған дейін Тимур Дәнебаев Еуропа парламентінен көмек сұраған еді.
Еске сала кетсек, 2022 жылдың 7 қаңтарында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ескертусіз оқ атуға бұйрық берді. Кейіннен өз мәлімдемесінде елге «20 мың террорист кіргенін» айтты. Сол жылдың маусым айында бұл көрсеткішті құқық қорғау органдарының бұрынғы басшылары келтіргенін мәлімдеп, мұндай қайғылы оқиға қайталанбайтынына сенімді екенін айтты. Осы Қаңтар оқиғасынан кейін Алматыға «20 мың террорист келгені» жайлы мәлімдемесі үшін президент Тоқаевқа қарсы қылмыстық іс қозғауға тырысқан Тимур Дәнебаев 2022 жылы ұсталып, 2023 жылы маусымда 3 жылға сотталған болатын. Бұған дейін Orda.kz оның ағасы Марат Дәнебаевқа хабарласып, оның түрмеде қандай азап көргенін, қазіргі жағдайы қалай екенін сұрастырған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық