Атбасар түрмесінде тұтқындардың көрген азабы: Айыпталушылар қайта ақталып әлек
Коллаж: Orda.kz
2023 жылы Атбасар түрмесіндегі тұтқындарды аяусыз сабап жатқан бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап, бүкіл Қазақстан халқының жағасын ұстатқан болатын. Жаншошырлық бейнежазбада Қаңтар оқиғасынан кейін президент Тоқаевқа қатысты іс қозғауды сұраған Тимур Дәнебаевты көруге болады. Айыпталушыларды кейін сот ақтады. Ақмола облыстық соты 11 сәуірде ақтау жайлы үкімнің күшін жойды.
Orda.kz ұзаққа созылған соттың қазір қалай өтіп жатқаны жайлы баяндайды.
Үкімі жойылып, қайта басталған сот
Айта кетейік, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина осы сот отырыстарына қатысып, бұл жайлы өзінің Facebook парақшасында ақпарат жариялап келеді. Ол 25 қараша күні өткен Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотындағы Атбасар түрмесіндегі азаптау ісіне қатысты кезекті сот отырысы жайлы жариялады. Сот залында он екі сот алқасы, айыпталушылар мен олардың қорғаушылары болды және жәбірленушілер бейнебайланыс арқылы қосылды.
Түрме қызметкерлерінің тұтқындарды азаптағаны көрінетін видеолар 2023 жылы қыркүйекте желіде тараған болатын. Сотқа тартылған 12 қызметкер «Азаптау» бабы бойынша айыпталған.
Азап көрген, соққыға жығылған Тимур Дәнебаев 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін Алматыға «20 мың террорист келгені» жайлы мәлімдемесі үшін президент Тоқаевқа қарсы қылмыстық іс қозғауға тырысқаны үшін ұсталды. 2023 жылы маусымда араздық тудырды деп 3 жылға сотталды. Кейін Атбасар түрмесінде оны түрме қызметкерлері азаптады. Атбасардағы №1 мекемеде 41 адамға қатыгездік көрсеткені үшін айып тағылды.
«Атбасар колониясындағы азаптау ісі бойынша айыпталушылар 12 адам: Сауытбеков, Мырзашев, Проценко, Жуманалин, Жүнісов, Рүстемов, Тұрғымбаев, Ерназар, Әбілқайыр, Дәулетбаев, Дәуренбеков және Кун», — деді Бақытжан Төреғожина.
Оларға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 146-бабы, 3-бөлімі бойынша айып тағылған.
Бұл бап азаптау және қорлау әрекеттерін қолдану арқылы адам құқықтарын бұзу туралы, яғни сотталғандар мен тергеу изоляторындағы адамдарға қарсы заңсыз күш қолдану, психологиялық қысым жасау секілді қылмыстарға қатысты.
Сот отырысында жәбірленуші Тимур Дәнебаев А.В.Кунды қамауға алу туралы өтінішін айтты. Дәнебаевтың айтуынша, күдікті бірнеше рет «ауырып тұрмын» деп сотқа келмей қалған. Алайда ешбір медициналық анықтама көрсетпеген. Ол 18 қарашадағы онлайн отырыста Кунның дөрекі сөйлеп, «екі жылдан бері сот жүріп жатыр, мен жұмыс істеуім керек» дегенін айтты. Бұл жәбірленушіге «сотқа деген құрметсіздік» болып көрінген. Дәнебаев тағы бір жайтқа тоқталды: Кун оған жеке чатқа жазып, Zoom-дағы жалпы чатқа да хабар қалдырған. Жәбірленуші мұны психологиялық қысым деп бағалайды.
Судья Сағдат Сейітова кеңесу бөлмесіне шығып, қайта оралған соң, өтінішті құптамайтынын мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл мәселе сот алқасының қарайтын құзыретіне жатпайды. Шағымдану мүмкіндігі апелляцияда сақталады.
Айыпталушылар өздерін қалай ақтады?
Судья ары қарай айыпталушылардан жауап алды. Қысқаша айтсақ, айыпталушылар тағылған айыпты мойындамай, ұратын таяқты прокурор бекіткенін айтып азар да безер болды. Негізінен бұған дейін тұтқындардың келісіп, тәртіп бұзбақ болғандары жайлы деректің болғанын, соған сай шара қолданғандарын айтты. Бақытжан Төреғожина олардың сөздерін жариялады. Ықшамдап назарларыңызға ұсынамыз.
Карантиндік бөлімде жұмыс істеген Дәуренбеков камералар барлық бұрышты түсірмейтінін, кей жағдайларда бейнежазғыш пайдаланылғанын айтты. Ол карантинге тек бақылау үшін аз уақытқа кіргенін, тұтқындарды кезекпен шығарып, жеке әңгіме жүргізгенін түсіндірді.
«Ол журналды күнделікті толтырғанын, кейде хронологиялық тәртіп бұзылғанын растады. Жеке істер үшін емес, технологияны сақтау үшін жазғанын айтты. Журнал колония басшысына, арнайы бөлімге және психологқа көмек ретінде қажет. 24 тамыз 2023 жылы карантин бөліміне барғанын растады. Карантиндегі әрекеттерді бақылау үшін бейнежазбаға жазылатынын айтты. 22–23 тамызда бейнежазғыш қолданылған. Камералар толық бақыламаған соң, кейбір әрекеттер бейнежазғыш арқылы жазылған. Тұтқындарды жеке-жеке шығарып, тәртіпті тексеріп, жеке сөйлескен», деді Бақытжан Төреғожина.
Бұрынғы опербөлім бастығы Мырзашев өз кінәсін мойындаған жоқ. Оның сөзінше, жағдай әбден «ушыққан», екі тұтқынның колонияда жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін деген ақпарат болған, 24 тамыз күні карантинде Дәнебаевқа арнайы құрал қолданылған, себебі ол «тәртіпке бағынбаған».
«Мырзашев жауап беруді бастады. Ол өз қызметіне қай жылы келгенін есіне түсіре алмайтынын айтты. Айыпты мойындамайды. Үйленген, екі баласы бар. Сол оқиға кезінде өте ушыққан, қызу әңгіме болғанын, бірақ сотталғандардың ешқайсысы нақты әрекет жасамағанын айтты. Оның сөзінше, бұдан бір апта бұрын Бегас пен Сүлейманқұлов атты тұтқындардың мекемедегі тәртіпті бұзуға тырысатыны жөнінде шұғыл ақпарат түскен. Бұл сотталғандардың жеке іс-әрекеттерін оқымаған, жеке сөйлескеннен кейін ғана әрі қарайғы іс-әрекет жоспарын жасаған», деді Бақытжан Төреғожина.
Кезең келген соң барлық сотталғандар тексеріліп, толық тексеру жүргізіліп, карантин бөліміне орналастырылған. Айыпталушының айтуынша, мекеме қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер жасалмаған. Келесі күні мекеме және әскери бөлім қызметкерлері сотталғандарға бірнеше ескерту жасаған. Өйткені олар режимді жиі бұзып, тәртіпті сақтамаған. Белгіленбеген жерлерде темекі шеккен. Бұл бұзушылықтар ауызша және жазбаша түрде тіркелген.
«Мырзашевтің сөзіне қарасақ, 2023 жылғы 24 тамыздан кейін мекеме басшысының міндетін атқарушы Сауытбеков режимдік бөлім кабинетінде отырғанда сотталғандардың тәртіп бұзғаны туралы хабар алған. Мырзашев карантин бөлімін аралаған кезде соңғы болып кіргенін, шайханадағы сотталғандар мен Сауытбеков арасында жанжал болғанын көргенін айтты. Ол наразылықты тіркеп, сотталғандарды карантин бөліміне біртіндеп шығарып, жеке сөйлескен. Мырзашев бір сәтте карантиндегі дәретхана жақтан қатты дауыс естігенін, кейін Дәнебаев наразылық білдірген бөлмеге барғанын айтты. Сауытбеков арнайы құралдарды қолдану туралы бұйрық берген. Содан кейін тұтқын (ред. Дәнебаев) еденге жатқызылып, оған шара қолданылған. Осыдан кейін Мырзашев қалған сотталғандармен жеке сөйлесуді жалғастырған. Ол осы шаралардан кейін сотталғандарға режимді сақтау талаптары қайтадан жеткізілгенін, ал өзі күн бойы процесті белсенді бақылағанын түсіндірді», деді Бақытжан Төреғожина.
Ол жәбірленушілер айтқан «ұрып-соғу, қабырғаға тұрғызып қою, дәретхана жуғызу» деректерін жоққа шығарды. Мырзашевтің айтуынша, қолданылған арнайы құралды (ПР-73 таяғын) прокурор тексеріп, «заңды» деп бекіткен. Әрбір арнайы құралды қолдану нақты жағдайға байланысты және барлық әрекеттер басшылық өткізілетін жиналыстарда шешілетінін айтты. Мырзашев арнайы құралдарды тек қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда қолдануға болатынын, бұл құқық қорғау қызметі туралы заңның 60, 61 және 62-баптарына сәйкес екенін атап өтті.
Осылайша сот отырысында жәбірленушінің Кунды қамауға алу туралы өтінішін судья құптамады.
Ал айыпталушылардың барлығы азаптау фактілерін теріске шығарып, өз әрекеттерін «тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау» деп түсіндіріп отыр.
Сот 2 желтоқсанда жалғасады.
Жаңалықтар
- Жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігі жүргізушісі құтқарылды
- Бавария 105 гол соғып, өз рекордын жаңартты
- Авиотын қымбаттады: Әлем және Қазақстан нарығы қандай жағдайда?
- Үш келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық ұсталды
- Қазақстан үшін ғарыш — тек ғылыми сала емес, ұлттық мақтаныш, стратегиялық даму бағыты
- ХҚКО-лардың қызметі азайып, бәрі онлайн форматқа өтіп жатыр
- АҚШ пен Иран келіссөздерді уақытша тоқтатты: Бітімгерлік келісім аяқсыз қалды
- Қырғызстандық спортшы 190 тонна болатын сегіз вагонды 6,5 метрге сүйреді
- Түнде Астанадағы өрттен үш бала қаза тауып, әйел ауруханаға түсті
- Мемлекет басшысы еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
- Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ-да ауадан су өндіру технологиясын таныстырды
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?