Қаңтар оқиғасында айыпталған ақтөбелік 6 миллион моральдық шығын өндірді
Қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айыппен тергеу изоляторында бір жылдан астам отырған азаматты сот ақтады.
Ақтөбелік азамат бір жылдан астам сотты күтіп, темір тордың ар жағында отырды. «Диапазон» басылымы оған және тағы 17 адамға Қантарадағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген айып тағылғанын жазады.
1 ақпанда мамандандырылған сотта атышулы іс бойынша үкім шықты. Нұрсұлтан Исаев ең ұзақ мерзімге – 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол облыстық әкімшілік алдындағы алаңда көлікте отырған екі адамды қағып кеткен. Сегіз адам шартты түрде бас бостандығынан айырылды, тағы бірнеше айыпталушы сотталды, бірақ тергеу изоляторында жазасын өтеуіне байланысты босатылды. 18 адамның ішінде қылмыстық іс бойынша екі айыпталушы Ернұр Әжниязов пен Асланбек Омаровты ғана сот толық ақтады.
Осындай үкімнен кейін Әжниязов мемлекетке қарсы шағым түсіріп, моральдық шығын үшін 30 миллион теңге талап етті. Ол заңсыз қылмыстық қудалау,а ұшырағаны үшін моральдық жарақат алғанын мәлімдеді. Ақтөбе қалалық соты қамауға алынғанға дейін талапкердің адалдығы мен беделі болғанымен келіскен. Жоғары білімді, көлік жөндеумен айналысқан, төрт бала тәрбиелеп өсірген. Ал қамауға алынғаннан кейін оның қарт ата-анасы отбасын зейнетақымен асырауға мәжбүр болған. Сонымен қатар, тергеу изоляторында отырғн уақытта Әжниязовтың денсаулығы нашарлаған. Сот Әжниязовтың 1 жыл 24 тәулікке заңсыз қамауға алынғанын ескерді.
Нәтижесінде судья Қаржы министрлігін Ернұр Әжниязовқа мемлекет бюджетінен моральдық шығын үшін 5 миллион теңге және адвокаттардың қызметі үшін тағы бір миллион теңге төлеуге міндеттеді. Аталған алты миллион салық төлеушілердің ақшасынан төленеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық