«Атамұра» баспасы «Әліппеге» қатысты бейнежазбаға түсініктеме берді
Фото: Ашық дереккөзден
«Атамұра» баспасы Facebook желісінде Досай Кенжетайдың «Әліппеге» қатысты бейнежазбасына түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«2022 жылдың 8 қараша күні Досай Кенжетай өз парақшасында «Қайтқан Әліппе туралы» деген тақырыппен бейнежазба берген болатын. Сол шындыққа жанаспайтын бейнежазбаны түсінбестен басқа парақша иелері дәл бүгінге дейін 84 рет көшіріп жариялап отыр. Бұған дейін «Атамұра» баспасы мен Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы: «...қайтқан Әліппе» деп кездейсоқ адамның видеосындағы кітапты көпшілікке жариялағаныңыз дұрыс болмады. Сондықтан парақшаңызға осы постты жоққа шығарып, видеоны өшіруіңізді сұраймыз» деп жазған болатын. Өтініштің ескерусіз қалдыруына байланысты «Атамұра» корпорациясы осы жазбаға қатысты өз наразылығын тағы да бейнежазба авторына жолдайды» делінген хабарламада.
Баспа негізсіз жазбалар көбін шатастыратынын тілге тиек етті.
Байыбына бармаған байбалам мектеп оқушыларының ата-аналарын, бүкіл қоғамды шатастырады. Бейнежазбада өзі көрінбейтін әйел, шамасы, оқушының анасы шығар, әлдебір «Әліппе» деген кітапты парақтап, оның бетіндегі әріп пен атауы сол әріптен басталатын аңды көрсетіп, «бұл сауатын ашатын қазақ баласына сай емес» деп сынайды.
«П» әрпіне панданы, «У» әрпіне улы жыланды бір бет етіп салған «Әліппені», анығында «Әліппе-сымақты» мүлде басқа баспа шығарған. Әрі ол мектеп бағдарламасының ресми оқулығы емес. Бейнежазбада саусағы мен дауысы бар әйелдің осының ақ-қарасын ажыратуға білімі жетпеген де шығар, ал белгілі жоғары оқу орнының білдей профессорының «Қайтқан Әліппе туралы» деп түсінік бере отырып, оны өз парақшасына салғаны қалай?» деп жазды корпорация.
«Атамұра» баспасының мәлімдеуінше , бейнежазбадағы кітап жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналмаған.
Қалың қауымның талап етуімен 2021 жылы «Әліппе» мектепке қайта оралды. Мектеп табалдырығын аттаған жас ұрпақ сол «Әліппе» арқылы білім алуды бастағалы үшінші оқу жылы өтіп жатыр.
Бірақ аты-жөні белгісіз әйелдің саусақтары көрсетіп тұрған, Досай Кенжетай мырза «Қайтқан Әліппе» деп мысқылдағаны Оқу-ағарту министрлігі ұсынған, жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған «Әліппе» емес.
Шындығында, «Атамұра» баспасынан шығып, бүлдіршіндерімізге қайта оралған жаңа «Әліппе» мүлде басқа.
Сараптамадан өтпеген, министрлік тізіміне енбеген кез келген кітап немесе кітапшаны «Әліппе» деп халыққа ұсынуға болмайды. «Әліппе» атауымен шыққан бұл кітапша қолданыстағы «Әліппеге» үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Түркістандағы университет профессоры Досай Тұрсынбайұлы Кенжетай мырзаның мұндай байыбына бармаған байбаламды неге парақшасына шығарғаны түсініксіз. Оған «Қайтқан Әліппе туралы» деп өз тарапынан сөз қосқаны – жалған ақпарат тарату болып саналады. ҚР Қылмыстық Кодексінің «Көрінеу жалған ақпарат тарату» 274-бабы бойынша Досай Тұрсынбайұлы Кенжетайдың әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқаны үшін заң алдында жауап беруін талап етіп, құқық қорғау органдарына жүгінетінімізді хабарлаймыз» деп толықтырды баспа.
Жаңалықтар
- Ақтау маңындағы әуе апаты: Әзербайжан мен Ресей өзара келісімге келді
- 4 адам опат болды: Түркияда тағы да оқушы мектептегілерге оқ жаудырды
- Президент АХҚО басшысына елге капитал тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды
- «Әндерді сатып алдым»: Композитор Қуат Әбіл пен әнші Баянсұлу арасындағы кикілжің оң шешімін тапты
- Маңғыстау облысында қатты нөсер мен дауылдан үйлерді су алып, шатырлар ұшты
- Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастаманы қолдады
- Жамбыл облысында екі жасөспірімнің денесі табылды
- Қазақстанда жаңа партия құрылады
- Ердоған Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды
- Қазақстанда коллекторлар қызметіне шектеу қойылды: Өзгеріс қандай?
- Қазақстанда ұлттық рейтингтік агенттік құрылады
- Бақытжан Базарбек: Олигархтарға «сот төрелігі» ерекше
- Ресейде жаңа заң: шетелдегі ресейліктерді қорғау үшін президентке әскер қолдану құқығы берілмек
- Депутат тойдаға «үздік құда» марапаттарына қарсы шықты
- Қазақстандықтар қосымша зейнетақы төлемдерін өмір бойы ала алады — Еңбек министрлігі
- «Қорғаста» ҚҚС-тан босатылған 19 инвесторға екі жыл бойы заңсыз төлем есептелген
- Жолда қыршын кеткен өмірлер: Мас жүргізушіге үкім шықты
- Неке бұзылған соң ортақ мүлік ана мен баланың келісімінсіз сатылмайды
- МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Түркістан облысында стоматолог бір уақытта 10 науқастың «тісін емдеген»
- «Air Astana» мен «FlyArystan» авиаотын көлемі бойынша бұрмаланған мәлімет ұсынған