ATACMS пен «Орешник» туралы Тасмағамбетов не деді?
Фото: ҰҚШҰ
Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кезекті отырысында не талқыланатынын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
ТАСС ақпараттық агенттігінде ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың сұхбаты шықты.
Тасмағамбетов сұхбатында ҰҚШҰ-ның ең қауіпті бағыттарының бірі оңтүстік шекаралар әсіресе, Ауғанстан екенін атап өтті.
«ҰҚШҰ қарауына ұсынылатын құжаттар арасында мен Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасын нығайту бойынша ҰҚШҰ-ның арнайы бағдарламасын ерекше атап өтер едім. Ауғанстанда қауіпсіздікке және тұрақтылыққа қатер төндіретін бірқатар көздер әлі де бар екенін бәріміз жақсы білеміз», — деді Тасмағамбетов.
Ал сұхбаттың негізгі бөлігі Украинадағы соғысқа арналды. Ресейдің «Орешник» жүйесін қолдануына байланысты Тасмағамбетов былай деп жауап берді.
«ҰҚШҰ қазіргі заманғы қарулардың қолданылуы мен сынақтан өткізілуін және даму перспективаларын зерттейді. Бұл біздің жұмысымыздың ажырамас бөлігі. Сонымен қатар, біз Ресейдің жаңа зымыран жүйесін сынақтан халықаралық жағдайда мәжбүр болғанын да бірге талдаймыз. Осы жағдайдың ықтимал даму сценарийлерін де зерттейтін боламыз».
Иманғали Тасмағамбетовтың айтуынша, ҰҚШҰ-ның кезекті отырысында ATACMS зымырандарының Ресей территориясына жасалған соққыларын талқылау жоспарда жоқ.
Сондай-ақ, Тасмағамбетов АҚШ-қа Дональд Трамп президенттік қызметке қайта оралғаннан кейін, ҰҚШҰ-ның Батыспен байланыстарын қалпына келтіру мүмкіндігі туралы да пікір білдірді.
«Саясаткерлер адал халықаралық диалог пен тең құқықты ынтымақтастық үшін қадам басса, бұл құптаауға тұрарлық. Ал АҚШ әкімшілігі болашақта қандай нақты позиция қабылдайтынын көретін боламыз», — деді бас хатшы.
Тасмағамбетов сұхбатты ҰҚШҰ-ның БҰҰ алаңында да халықаралық ынтымақтастықты дамытуын жалғастырып жатқандығымен түйіндеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық