«Ата-анасының қазасын білмейді»: Ақтөбеде кепілге алынған әйелдің жағдайы белгілі болды
Коллаж: Orda.kz
Ақтөбеде кепілге алынған 40 жастағы әйел есін жиды, деп хабарлайды Orda.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Еске салайық, 13 қаңтар күні белгісіз ер адам әйелді ата-анасымен бірге кепілге алған болатын. Кейін полиция ер адамды ұстады. Жәбірленушілер ауруханаға жеткізілді. Алайда 40 жастағы әйелдің ата-анасы алған пышақ жарақатынан көз жұмды. Мәліметтерге сүйенсек, үш адамды кепілге алған ер адам 40 жастағы әйелдің бұрынғы жігіті болып шықты.
Дәрігерлер қайғылы оқиғадан аман қалған зардап шегушінің жағдайы туралы мәлімет берді. Қазіргі уақытта әйел нейрохирургия бөлімінде, полицияның тәулік бойғы күзетінде жатыр.
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, зардап шегушінің жағдайы сәл жақсарғанымен, ол әлі анасы мен өгей әкесінің қайтыс болғанын білмейді.
«Науқастың жағдайы орташа ауыр. Ол оянды, есін біледі. Нейрохирургия бөлімінде палатада жатыр. Әйел көптеген жарақат алған және қатты күйзеліске түскен. Онымен күн сайын психологтар жұмыс істеп жатыр. Ол ата-анасы мен сол күнгі оқиғалар туралы сұрайды, бірақ көп нәрсе айтпаймыз. Тек оған емделу керек екенін, әзірге тұруға және жүруге болмайтынын айтамыз», – деді облыстық көпбейінді аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мақсат Оразжанов.
Әйелдің ұялы телефоны жоқ екен, палатасына ешкімді кіргізуге рұқсат берілмеген. Сондықтан ол жақындарының қайтыс болғанын әзірге білмейді.
Осы уақытта қайғылы оқиға болған үйде зардап шеккен әйелдің ата-анасының жерлеу рәсіміне дайындық жүріп жатыр. Ертең, 16 қаңтарда 67 жастағы әйел мен 74 жастағы ер адам жерленеді. Отбасының туыстары әзірге болған жағдайға түсініктеме бермеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық