Ата-анасы 10 жасар қызын сексуалды құлдыққа сатып жіберген
Скриншот
10 жасында ата-анасы жыныстық құлдыққа сатып жіберген Нигора 9 жылдан кейін әрең қашып құтылыпты. Дегенмен оның өмірі әлі де қалыпқа келмеген.
Астана телеарнасының хабарлауынша, қазір ол Шымкенттегі арнайы орталықты паналап отыр.
Өзбекстанда дүниеге келген Нигораны ата-анасы 10 жасында бөтен адамдарға бір мөшек ақшаға сатып жіберген.
«Перзенттің керегі жоқ, ақша керек деді. Әкем нашақор еді, мамам ішеді. «Әке» деп жылап едім, бұрылып қарамады да. Атам мені сатады деген сөзді естігеннен кейін жүрегі ұстап, қайтыс болды. Жалғыз жанашырым сол кісі еді. Одан бері туыстарым да іздеген емес» дейді Нигора.
Қызды сатып алғандар бастапқыда оны Сарыағашқа, артынша Шымкентке әкелген. Бойжеткенді 9 жыл бойы ешкім іздемеген.
Нигораның айтуынша, онымен бірге 20 шақты қыз тұрған. Сатып алушылар оны қараңғы үйден шығармай, жүйелі түрде соққының астына алып, ал азық ретінде қара нан мен су беріп тұрған.
«Аштықтан талай қыз өліп қалды сол жерде. Кейбірін шетелге сатып жіберді. Бізді бір-бірімізбен араластырмайтын. Жыныстық қатынасқа түсуден бас тартсақ, темірмен, шынжырмен ұрып, басыма тапанша тақайтын. Қараңғы қапастағы тіршіліктен жанашыр бір азамат шығуға көмектесті» дейді бойжеткен.
Барар жері, басар тауы болмаған соң бойжеткен екі ай дағдарыс орталығын паналап отыр. Қолында баласы бар Нигораны ұлының әкесі тастап кеткен.
Осы аралықта ол жағдайыңды жасаймын дегенге сеніп, екінші рет құлдыққа түсіп қала жаздағанын алға тартты. Тағы бір адамдар оны малға жегіп қойған. Ол жерден бойжеткенді еріктілер шығарған.
«Баяғы арманы бар-ау деймін. Балалық кезі сексуалдық қатынаста, зорлықта болғаннан кейін өмірде көп нәрсені жоғалтқан. Сол жоғалтқан қасиеттерін қайтадан осы анаға бергіміз келеді. Өйткені ол арманын айта бермейді» дейді «Көмек» орталығының директоры Малика Жүсіпова.
30 жастағы Нигора алғаш рет қолына қалам алып, хат тани бастаған. Қазіргі таңда қыздың ата-анасы іздестіріліп жатыр. Алайда бойжеткеннің өзі оларды көруге құштар емес.
Ол Қазақстанда ұлыммен өмір сүрсем дейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық