Асыранды балаларға зәр ішкізіп, нәжіспен тамақтандырды
Фото: pexels
Шымкентте асырап алған балаларға зәр ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған.
Іс осы жылдың ақпан айынан бастап тергеліп, материалдар сотқа берілді.
Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева хабарлады.
«Мұнда көптеген қорқынышты мәліметтер бар, балалар зәр ішіп, нәжіспен тамақтанған. Іс сотқа берілді. Сондай-ақ, олар балаға тиесілі ақшаны ешкі сатып алуға жұмсап, балаға баққызып қойғандары туралы дерек бөлек тергелуде»,- деді Динара Закиева.
Іс осы жылдың ақпан айынан бастап тергеліп, қазір материалдар сотқа берілді. Балалардың үлкенінің денесіндегі көгерген жерлерді көрген мектеп мұғалімдері мен қамқоршылық органдарына сұрақ көп. Оларға қатысты да қылмыстық істер қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Бұл кейінгі бірнеше айда бала асырап алған отбасылар тарапынан болған азаптау анықталған төртінші жайт.
Қамқоршылық қызметкерлері мен мектеп педагогтарына қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.
«Біз көргендерімізге таң қалдық. Балалар шаршаңқы, денелері көгерген, лас және ұқыпсыз. Содан кейін біз бұл үйге Бүкіл комиссиямен келдік. Жағдайды көргеннен кейін, балаларды біраз уақыт алшақ ұстау керек екені белгілі болды. Оларды қалдыру қауіпті еді. Бес бала сөйлей алмайды. Бала асырап алған ата-аналары денелеріндегі көгерген жерлерін ойнап жүріп соғып алуы мүмкін екендігімен түсіндірді» ,- деп бөлісті Шымкенттегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жаннет Жазықбаева.
Іс сотқа жіберілді.
Динара Закиеваның айтуынша, осы оқиғаға байланысты ақпан айының соңында президент әкімшілігінде әкімдермен кездесу өткізілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық