Ғасыр адамы: жақында Ресейде Бөкейханов туралы кітап шығады
Фото: kaznews.kz
Орыс тарихшысы Виктор Козодой Әлихан Бөкейханов туралы кітабын жазып бітірді.

Тарихшы Виктор Козодой Orda.kz тілшісіне «Әлихан Бөкейханов. Ғысыр адамы» демеушілермен бәрі жақсы болса, күздің басында туынды жарыққа шығатынымен бөлісті. Болжалды тиражы 1000 дана. Козодой оның бір бөлігін Қазақстандағы әріптестеріне және Павлодар кітапханасына өткізбекші, өйткені Павлодар мен Новосибирск бауырлас қалалар. Кітаптың алғашқы тұсаукесері Павлодарда өтеді.
– Техникалық өңдеулер толық аяқталды. Қазір кітаптың рецензенті жұмыс істеп жатыр, мен оны әдеби редакторға тапсырғалы тұрмын. Мен де кітапты Қазақстандағы әріптестеріме көрсеткім келеді, өйткені мен әлі күнге дейін Қазақстан тарихынан ондай керемет маман емеспін. Мен демеушілер іздеуді жалғастырамын, келіссөздер жүргіземін, - деді автор.
Фейсбуктегі парақшасында Козодой бұл кітапты тек өз бастамасымен, Ресей немесе Қазақстан грантынсыз, қаржыландырусыз, әрі тапсырыс берушілерсіз жазғанын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Виктор Козодой Orda.kz тілшісіне берген сұхбатында Бөкейхановтың саясаткер ретіндегі еңбегі мен жоғары орнын атап өткен болатын.
– Мен Бөкейханов тек қана Қазақстанның ғана емес, жалпыға бірдей көрнекті тарихи тұлға деп санаймын. Ол Ресей империясының ұлттық деңгейіндегі саясаткер болды. Бөкейханов Ресей империясы Мемлекеттік Думасының депутаты, ең ірі оппозициялық партия «Халық бостандығы» - конституциялық демократтар партиясы комитетінің мүшесі болған. Ол үлкен әлеуметтік беделге ие болды. Ол Ресей империясының саяси контр-элитасына әсер ете білді. Көшбасшы ретінде ол өз айналасына қазақ зиялыларының едәуір күштерін жұмылдыра алды, автономия мәселесінде мүдделерін қорғады. Оның барлық идеялары мен іс-әрекеттері автономияны жариялауға маңызды идеологиялық және мәдени күшке ие. Бұл кеңестік жоба болғанымен, бәрібір де...
Козодой «Алаш» сияқты маңызды және қызықты құбылыс, Бөкейханов сияқты көсемдердің барлық ұлтта болмағанын атап өтті.
Авторы: Анна Даниловская
Аударған: Айнура Дарибаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық