Қасым-Жомарт Тоқаевтың досы төбелескен уақыттарын еске алды
2008 жыл. БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясынан кейін. Фото: kp.kz: Facebook
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың досы Андрей Антоненко балалық шақтарын еске алды. «Комсомольская правда Казахстан» газеті кезінде президенттікке үміткердің досынан сұхбат алып, бірқатар естеліктер жариялады.
Ол өзін сыныптан тыс жерде де өте мәдениетті әрі еркін ұстайтын. Сонымен қатар, ер балалардың баршасының басынан өтетін жұдырықтасулардан да қашпайтын. Жомарт барлық мәселені бейбіт жолмен, сөйлесу арқылы шешуге тырысатын. Дипломатиялық шеберлігі сол кезден-ақ көзге ұрып тұратын. Дегенмен, төбелеспеске болмай бара жатса, Тоқаев топ артында тасаланып қалмайтын. Сондай жағдайлардың бірі әлі есімде. Біз мектептен шығып Қарағайлы саябағына барғанбыз. Қарсы келе жатқан топта төрт жігіт бар еді. Әңгіме сол баяғы «Темекі бар ма?» деген сөзбен басталды. Жомарт та бағзы дағдысына басып, тұтанып келе жатқан мәселені бейбіт шешуге тырысып-ақ баққан. Бірақ бұл жолы онысынан түк шықпады, - дейді досы.
Андрей Антоненконың айтуынша, қарсы тараптан бір жігіт соққы жасайды. Президенттің сол сәтте осал болмағанын айтып, жастық шақтарын еске алды.
Сол жерде біз күтпеген оқиға болды. Қарсы тараптың бір жігіті күтпеген жерден соққы жасап қалды. Жомарт та осал емес екен, сол жолы екі жақ та ауыр жарақатсыз шықтық. Бір сөзбен айтқанда, Тоқаев мінезсіз жігіт емес еді. Оның қанымен келген қасиеті бүгін де бойынан жоғалмағанына сенемін, - деді Антоненко.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық