Қасым-Жомарт Тоқаев: Волонтерлік – жай ғана әлеуметтік құбылыс емес
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлік қызметті қолдаудың бірыңғай стандартын жасауды тапсырды, деп хабарлайды ORDA тілшісі.
«Еріктілер ұйымдарына жүйелі қолдау көрсетіп, оларға арнайы гранттар бөлу жұмысын жалғастыру қажет. Биыл атқарылған игілікті істер осы жылмен ғана шектеліп қалмауы тиіс. Жақсы іс әрдайым жалғасын табуы керек. Осы орайда еріктілікті дамытудың жол картасын әзірлеу маңызды. Сондай-ақ, еріктілерді даярлауға арналған бағдарлама қажет. Еріктілер қызметін ұйымдастырудың басты талаптары мен ұстанымдарын айқындап алған жөн. Осы мақсатпен волонтерлік қызметті қолдаудың бірыңғай стандартын жасауды тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы Волонтер жылының жабылу рәсімінде сөйлеген сөзінде.
Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлік – жай ғана әлеуметтік құбылыс емес екендігін баса айтты.
«Тіпті, бір күнде қалыптасатын әдет немесе дағды деуге де болмайды. Бұл – көптеген адамдардың саналы түрде таңдаған өмір салты. Қайырымдылық – адамның бала кезінен бойға сіңетін қасиет. Сондықтан, өскелең ұрпақты жастайынан жақсылық жасауға тәрбиелеу – өте маңызды міндет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар білім мекемелерінде тақырыптық сабақтар мен факультативтік сағаттар енгізуді ұсынды.
«Қоғамға қызмет етуді зердесіне түйген ұл-қыздарымыз нағыз азамат болары анық. Дана Абай айтқан «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дәл қазіргі кезеңде ауадай қажет. Бұл асыл қасиеттер волонтер қатарына қосыламын деген әрбір жастың бойынан табылады деп сенемін», - деді ҚР Президенті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық